Шығыс Қазақстан табиғат жағдайларын Солтүстік Қазақстанның табиғатымен және климатымен салыстыр.
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеті қай аймақтың мәдениетімен ерекше байланысты болған?
Берел қорғандарын салу үшін иқай саладағы білімді игеру керек екенін ойлап көр.
Жаңа сабақтың жоспары:
Көшпелілер өміріндегі адамгершілік құндылықтар мен өнер.
Көшпелілер тұрмысындағы адамгершілік пен әкімшіліктің жүйесі қытайлардың назарын аударып отырған. Қытай билеушілері ғұндардың шабуылынан ғана емес, көбінесе қытайлардың Далаға кетіп қалуынан да қорыққан.
Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтар Қытаймен, Үндістан және Персиямен сауда-саттық жүргізіп тұрған. Бұған сақ обаларынан табылған қытай айналары, Ираннан әкелінген бұйымдар дәлел болады.
Сабақты бекіту: Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі туралы айтып бер.
«Полихром стилі» туралы не білесің? Оны «аң стилімен» салыстыр.
Ұлы Жібек жолы туралы әңгіме құрастыр.
Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?
Бағалау: Үйге тапсырма: §28. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.