6-сынып Сабақ: 1 Мерзімі: Тақырыбы



бет10/11
Дата10.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#13556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Сабақ №44

Күні: 16.02.10/15.02.10

Сынып: 6 «А, Б»

Тақырыбы: Мұхит тар мен теңіздердің адамға қызмет етуі. Мұхит пен теңізді зерттеу және қорғау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға м

Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін караталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.

Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуытуралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы


Сабақ

Күні:

Сынып: 6

Тақырыбы: Өзендер. Көлдер.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың көл, өзен және оның негізгі элементтері, шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғымдарын қалыптастыру; жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру; өзендердің суға млығуы және өзендерді шаруашылықта пайдалану туралы түсінік беру; өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру. Оқушылардың экологиялық білімдерін жетілдіруге ықпал жасау.

Дамытушылық: Кескін картаға өзендерді, көлдерді түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін караталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.

Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуытуралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суреті

Номенклатура: Ертіс, Миссисипи, Конго, Енисей, Еділ, Амазонка, Амур, Каспий, Арал, Танганьика, Байкал, Зайсан, Бурабай, Шарбақты

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі


Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Мұғалім ең алдымен «өзен» деген ұғымға анықтама береді. Содан кейін өзеннің элементтерін сипаттайды. Ол үшін оқулықтағы «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суретін немесе тақтаға сызылған қарапайым сызбаны қолдануға болады. Содан кейін өзен жүйесіне сипаттама береді. Ол үшін мынадай сызбаны қолдану қажет: бастау, орта ағысы, оң саласы, сол саласы, көл (бастау), бұлақ, жоғарғы ағыс, сол жағасы, саға, оң жағасы, теңіз. Мысал ретінде жергілікті өзенді немесе оқулықтың мәтініндегі мысалды ала отырып бастау, сала, өзен аңғары, саға, атырау, өзен алабы, су айрықтары, жоғарғы, орта, төменгі ағысы сияқты ұғымдарды қалыптастыру қажет. Бұл ұғымдарды қалыптастыру барысында олардың ерекше, өздеріне ғана тән белгілеріне оқушылардың назарын аудару қажет. Мұнда оқулық суреті, карта, сызба суреттер пайдаланылады. Ірі өзендердің атырауы өте үлкен болады. Мысалы, Амазонка өзені атырауының аумағы 100 мың км2. Оқушыларға өзен ағысының бағыты туралы түсінік беру үшін мұғалім төмендегідей сұрақтарды пайдаланады.

- Қалай ойлайсыңдар, өзендердің ағу бағыты неге байланысты? Жазық жерде және талы өңірде судың ағысы қандай болады?

«Өзендердің суға молығуы», «су тасуы», «тасқын» ұғымдары эвристикалық әңгімелесу арқылы қалыптастырады. Бұл жерде жергілікті өзенді мысалға алып, оқушылардан мынадай сұрақтарға жауап алған жөн. Мысалы, 1) неліктен өзен көктемде тасиды? 2) қандай кезде суы азаяды? Оның себебін түсіндіріңдер.

Оқушылардың «көл» туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін оның анықтамасын береді. Көлдің өзеннен айырмашылығы – ол бір бағытта ағып жатпайды, ал теңізден айырмашылығы - оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығында. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болады. Табиғатта ауданы бірнеше шаршы метр ғана болатын өте шағын көлдер де кездеседі. Сонымен қатар «теңіз» деп аталатын көлдер де бар. Қазақстан аумағында қандай көлдерді теңіз деп атайтынын сұрайды. Қазақстан аумағында 48 мыңға жуық көл бар. Оның көбі Көкшетау өңірінде (оқушылар карта бойынша табады). Қазақстан аумағында Арал, Балқаш сияқты үлкен көлдер орналасқан. Ал енді, балалар, ойланып көрейік, көл қазаншұңқырлары қалай пайда болады екен? Неліктен олар әр түрлі болып келеді? Жер шарындағы Байкал, Рудольф, Танганьика, Ньясса сияқты терең көлдер, сондай-ақ біөздің еліміздегі Зайсан, Бурабай, Шарбақты көлдері тау жасалу үрдісі кезінде пайда болған. Ал таудың опырылуы салдарынан өзен аңғарлары бөгеліп қалған жағдайда бөген көлдері пайда болады. Көлдердің үшінші түрі – қалдық көлдер, олар – бір кездегі үлкен теңіздің бөлігі. Сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болған көлдерді жанартаулық көл деп атайды. Жазық жерлердегі өзендердің ескі арналары кішігірім көлдерге айналады. Оларды қарасу деп атайды.



Суретке қарай отырып және мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оқушылар әр өзенде арна, жайылма, террасалар, жаға болатынын ұғынады.

Кейін өзен жүйесін сипаттамасына келесі анықтамаларды жазып алады: өзен алабы ол өзеннің және оның салаларының су жинайтын жері. Атырау – өзеннің көлге немесе теңізге құятын сағалық бөлігінде өзен тасқынынан пайда болатын тармақ пен тарамдар торына тілімделген ойпат.

Оқушылар мұғалімнің мысалдарын қарай отырып, өздері карта бойынша кейбір өзендерге сипаттама беруге тырысады.

Кейін мұғалімнің қойған сұрағына жауап іздей отырып, өзеннің ағатын бағыты жер бедерінің еңістігіне байланысты екендігін түсінеді. Сонымен бірге жер бедері өзендердің ағыс сипатына одан да көбірек әсер ететінін аңғару керек. Нәтижесінде жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, ал тау өзендері жылдам, көбік шашып, гүрілдеп ағатынын айту керек.

Жергілікті жердің метериалын пайдалану оқушылардың білімді тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Бұл жағдайда, басқаша айтқанда индуктивті-дедуктивті әдіс қолданылып, себеп-салдар байланыстарын оқушылардың өздері айқындайды. Өзендер молығуының негізінен төрт көзі бар. Олар жаңбыр, қар, мұздық және жер асты сулары. Көп өзендердің қоректенуі аралас болып табылады. Олай болуына жыл мезгілдерінің ауысып тұруы және ағып өтетін ауданы әсер етеді. Жыл маусымдарына қарай өзендегі судың мөлшері өзгеріп отырады. Өзен деңгейінің, яғни оның су мөлшерінің өзгеру заңдылықтарын олардың режимі дейді – деген қорытынды айтылады. «Шоңғалдар» мен «сарқырамалар» ұғымдарын қалыптастыру үшін оқушылардың тау жыныстары туралы білімдері еске түсіріледі. Оқулықтың мәтініндегі түсініктемелерді дәптерлеріне жазып, олардың зиянды және пайдалы жқтары айтылады. Оқушылар ірі сарқырамаларды картадан көрсетіп, неліктен ол сол жерде орналасқанына байланысты өз божамдарын айтады.

«Көлдің» анықтамасын жазып алады: көлемі жағынан ауқымды, жер бетіндегі суға толған табиғи тұйық шұңқырлар.

Оқушылар мұ,алімнің сұрағына Каспий мен Арал теңіздерін атайды және олардың «теңіз» деп аталуына әр түрлі болжам жасайды. Мұнан кейін оқушылар атлас немесе картаны ашып, оларға қандай өзендер құятындығын анықтайды. Көлдердің ең терең жерлерін картадан табады және қай бөліктері тереңірек екенін анықтайды. Кейін карта бойынша Қазақстан аумағында көлдің шоғырланған жерін табады. Мұғалімнің көлдер туралы әңгімесінен кейін неліктен көлдер ағынды және ағынсыз деп аталатынын айтады. Осыған байланысты картадан ағынды, ағынсыз көлдерді көрсетеді. Көлдің батпаққа айналуын оқушылар оқулықтың суретін талдау кезінде меңгереді. Кқлдердің шаруашылық маңызы туралы оқушылардың өздері айтуы керек.


3

Жаңа тақырыпты бекіту үшін оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа тапсырма беріледі. Бірінші топ – Ертіс өзеніне, екінші топ – Миссисипиге, үшінші топ Конго өзеніне сипаттама береді. Сипаттама мынадай жоспар бойынша оындалады: 1) географиялық орны (қай материкте орналасқан, қандай мұхит немесе теңіздің алабына жатады, бастауы, сағасы, салалары туралы мәліметтер); 2) ағысының сипаты (таулы, жазық); 3) өзен қай кезде тасиды, қай кезде сабасына түседі; 4) өзенде сарқырамалар мен шоңғалдар бар ма? 5) шаруашылықта қалай пайдаланады; 6) экологиялық проблемалары. оқушыларға физикалық картадан Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін тауып, оларды кескін картаға түсіруге тапсырма беріледі.

Оқушылар мұғалімнің берген жоспары бойынша өзендерге сипаттама береді. Кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап талдайды. Қателері түзетіледі. Өзенді сипаттағанда картаның алдында жұмыс істеулері талап етіледі.

Кейін кескін картамен жұмыс ітейді: кескін картаға Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін түсіреді.



4

Сабақты оқушылардың өздеріне қортындылатады. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: Бүгінгі сбақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қортындылайды: бүгінгі сабақта өзендер мен көлдер туралы, олардың түрлерін, ерекшеліктерін білдік. Картамен, кескін картамен жұмыс істеу қызықты болды.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырып алады.

6

Үй тапсырмасына §44,45. жоспар бойынша көлге сипаттама беру: 1) көлдің атауы, 2) географиялық орны, 3) қалай пайда болғаны; 4) ағынды не ағынсыздығы; 5) көлдің батпаққа айналу қаупінің бар-жоқтығы; 6) көлдің шаруашылық маңызы; 7) экологиялық проблемалары.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Дәптерлеріне көлді сипаттау жоспарын жазып алады.

Сабақ

Күні:

Сынып: 6

Тақырыбы: Жер асты сулары.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Оқушылардың жер асты сулары ұғымдарын қалыптастырып, негізгі анықтамаларын бере отыра, пайда болу себептері мен түрлері жайлы мағлұмат беріп, шаруашылықтағымаңызы туралы, қорғау қажеттілігі туралы білім бере отыра, географиялық көзқарасын кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көлдерді көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

Сабақ жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (12 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІ кезең –қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, оларды тыныштыққа орнатады да, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексереді.

1. Өзен дегеніміз не?

2. Өзен бөліктерін атап, оларды сызып көрсетіңдер.

3. Д.ж. ең биік сарқырама қайда орналасқан?

4. Көл дегеніміз не?

5. Көл қазаншұңқырларының пайда болуы бойынша көлдер қандай түрлерге бөлінеді?

6. Неліктен ағынды көлдер тұщы, ағынсыз көлдер тұзды болып келеді?

7. Еуразия материгінде орналасқан, д. ж. ең ірі және ең терең көл?

Сосын мұғалім өзен мен көл атауларын айтып, оқушылар оларды картадан көрсетеді (Еділ, Объ, Енисей, Дунай, Хуанхэ, Инд, Ганг, Амазонка, Миссисипи, Ніл, Конг, Іле, Сырдария, Әмудария, Ертіс, Каспий, Байкал, Балқаш, Арал, Виктория, т.б.).


Оқушылар ең алдымен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және бір-бірін толықтырады.
Сосын картадан өзендер мен көлдерді атап көрсетеді.

ІІІ

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар оқулықтың «Жер асты суы» тақырыбының басындағы тірек білімдерін тексеруге арналған сұрақтарға жауап береді.

Содан кейін «Жер асты суына» анықтама айтылып және олардың қалай пайда болатындығына көңіл бөлінеді.



Бірінші жолы – жер асты суларының біразы атмосфералық жауын-шашындардан құрылады.

Екінші жолы – атмосферадағы су булары жерге сіңіп салқындағанда – су тамшылары айналады.

Ал үшінші жолын оқушылар өздері айтады. Оның негізгі мәні – судың өте аз бөлігі балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады.

Содан кейін суды жақсы өткізетін құм, қиыршық тас, малтатас тау жыныстары көрсетіліп, олар су өткізгіш қабатын құрайтындығын айтады. Сол сияқты су өткізбейтін қабат саз, гранит, құмтас, сазды тақтатастан тұрады.

Сосын мұғалім балаларға сұрақ қояды:

1. Еспе және артезан сулар деген не?

2. Минаралды сулар қалай пайда болады?

Сонымен қатар, жер асты суларының әрекеттеріне көңіл бөлінеді. Оларды мынадай 2 топқа бөлуге болады:

1. Жер бедерінің түзілуіне ықпал жасайды. Мысалы, сырғымалар, үңгірлер, жер асты суларының әрекетінен пайда болады.

2. Жер астынан шығатын бұлақтар, өзендер мен көлдердің молығуына үлкен үлес қосады.


Оқушылар сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар жер асты суларының пайда болуының үшінші жолын өздері оқып, айтады.

Балалар оқулықтағы «Еспе және қабатаралық сулар» суретін пайдаланып, оқушылар еспе мен артезиан суларына өздері анықтама береді.

Сосын сабақтың соңында жер асты суларын неліктен және қалай қорғау шараларын оқушылар жергілікті жердің материалдарымен байланыстырып айтады.


ІV

Жаңа материалды бекіту үшін:

1. Қосымшадан тірек ұғымдар, түсініктер немесе терминдерді дәптерге жазу.



2. Жер асты суының түрлерін және олардың ерекшеліктерін бірдей цифрлармен белгілеңдер.

Frame11 – Еспе суы 2 – Артезиан суы

3. Су өткізбейтін қабат арқылы қабатаралық су қалай өтеді?



4.Неліктен құдықтағы су таза, мөлдір, салқын болады?

Балалар барлық сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды сабақта қатынасу дәрежесі және жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Оқушылардың баллдарын санайды, тиісті бағаларын қояды.

Балалар бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ

Күні:

Сынып: 6

Тақырыбы: Мұздықтар, олардың маңызы.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Оқушылардың «мұздықтар», «қар жиегі», «тау мұздықтары» , «жабынды мұздақтар» ұғымдарын қалыптастыру. Әр түрлі оқыту құралдарын пайдалана отрып мұздықтардың маңызын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан мұздықтары бар тауларды көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

Сабақ жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

VІ кезеңүй тапсырмасын беру (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар оқулықтарын, дәптерлерін, атластарын дайындап отырады.

ІІ

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Мұздықтар қалай пайда болады?

2. Қар жиегі дегеніміз не?

3. Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар дегеніміз не?

4. Мұздықтардың маңызы.

Тірек білімдерді пайдалану үшін мынадай сұрақтарға жауап беріледі: 1. Су қандай күйлерде болады? 2. Мұздың қасиеттерін атаңдар. 3. Биіктеген сайын ауаның температурасы қалай өзгереді?

Бұл тақырыпты меңгеруге проблемалық баяндау әдісі пайдаланылады. Мысалы, оқушылардың алдына тақырыптың өзекті идеясы – мұздықтардың маңызы жайлы мәселе қозғалады. Балалар, сендар мұздықтардың маңызы неде деп ойлайсыңдар? Жер шарындағы барлық мұздықтар ерісе, дүниежүзілік мұхит деңгейі 64 метрге көтерілетіндігін және оның қандай салдары болатынын білесіңдер ме? Ал неліктен таулардың шыңдарын жыл бойы мәңгі қар басып жатады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін «мұздықтар», «қар жиегі», «тау мұздықтары», «жабынды мұздықтар» ұғымдары қалыптастырылады. Жабынды мұздықтарды меңгерту үшін оқулық мәтінін оқып шығыңдар деген тапсырма береді. Ал тау мұздықтарының көлемі әлдеқайда шағын. Олар Жер шарындағы биік таулардың басында болады. Естеріңе түсіріңдер, олар қай таулар? Ал Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы Үле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы 12 км.


Оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, ең алдымен сабақтың мақсатымен, мақсатына байланысты сабақтың жоспарымен танысады.

Мұғалімнің кіріспе сұрақтарына жауап береді: 1. Су табиғатта сұйық, қатты , газ күйінде кездеседі. 2. мұз қатты, суық, мөлдір, кристалдардан тұрады. 3. Биіктеген сайын ауаның температурасы төмендейді.

Ал жаңа ұғымдардың мағынасын толық түсіну үшін оқулық мәтініндегі «мұздықтар» және «қар жиегі» ұғымдарының анықтамаарын дәптерлеріне жазады. Олардың қандай жағдайда пайда болатындығын айтып, тадағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық «қар жиегі» немесе «қар шекарасы» аталатындығын айтады. Мұздықтар тау мұздықтары және жабынды болып бөлінетінін айқындау үшін «Мқздықтар» тақырыбының 2 пункті оқиды. Жабынды мұздықтар жер бетіндегі мұздықтар көлемінің 98%-н құрайды. Олар Антарктида, Гренландия, Арктиканың біраз аралдарын алып жатыр (картадан көрсетеді).

Тау мұздықтарын меңгергенде картадан Жер бетіндегі биік тауларды: Гималай, Памир, Тянь-Шань, Альпі, Кордильер, Анд тауларын көрсетеді.

Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан Корженевский мұздығының географиялық орнын табады. Мұздықтардың маңызы жайлы оқушылардың әрбіреуі өз пікірін айту арқылы ашылады.


ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін оқулық соңындағы сұрақтарды береді. Сонымен қатар жарты шарлар картасы бойынша дүние жүзіндегі ірі таулардағы мұздықтар және жер бетіндегі жабынды мұздықтарды көрсету тапсырмасын береді.

Тақырыпты бекіту үшін оқулық соңындағы сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар жарты шарлар картасы бойынша дүние жүзіндегі ірі таулардағы мұздықтар және жер бетіндегі жабынды мұздықтарды көрсетеді

ІV

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сұрақтар қояды: Бүгінгі сбақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып сабақты қорытындылайды: бүгінгі сабақта біз мұздықтар туралы білдік. Тау мұздықтары, жабынды мұздық не екенін білдік. Сонымен қатар жер бетінде мұздықтар түрлері қайда шоғырланған, Қазақстандағы ең ірі мұздықты білдік.

V

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырып алады.



Үй тапсырмасы: §47 қайталау. Анықтамаларды жаттау.

Үй тапсрымасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ

Күні:

Сынып: 6

Тақырып: Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.

Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері.


Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін түсіндіру. Қоршаған ортаға бейімдеушілік қасиеттеріне тоқталу. Ағзалар мен жер қабықтары арасындағы байланысты ашу. Биосфера туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, жер қабықтарының арасындағы байланысты сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет