Қалқаман Әбдіқадыров "Қажымұқан“
«Қар күреген бала» үзіндісінің мазмұндық желісі.
6-сынып
Сабитова Мадина
Қалмақан Әбдіқадыров (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы.
Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды.[Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.
https://youtu.be/6jD2c200WbY
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Балуан / Палуан - күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иесі.
Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасаңыз. 1. Басталуы: Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау. 2. Дамуы: Орлий Масликовтың қызметіне ауысуы. 3. Шиеленісуі: Бір шана шөпті бай үйіне жая сүйретіп келуі. 4. Шақыртау шегі: Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы. 5. Шешімі: Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |