МТС –машина-трактор станциясы
Музари немесе барзигар – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық.
Мұз дәуірі – б.з.б. 100-13 мыңжылдықта орта палеолит пен мезолит аралаығында жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең.
Мұфти – мұсылман дініндегі жоғары лауазымды тұлға
Мыңбасы – ертедегі монғол, түрік әскерлеріндегі бір мың жауынгер басшысының атауы.
Мысал – тәрбиелік мәні бар қысқа өлең, әңгіме.
Міндеткерліктер– жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрлері.
Награда – марапат, ұзақ және адал еңбегі үшін берілетін марапат.
Найза – жебесі асыл темірден жасалатын қару. Мықты ағашқа сапталып, басына жылқы қылынан шашақ таралған. Батырлардың бес қаруының бірі.