Ойсылқара – түйе малының пірі.
Оккупация – басқа елдің жерін әскери жаулап алу.
Олдувэй – Шығыс Африкадағы Килиманджаро тауы мен Виктория көлінің арасында орналасқан шатқал. Олдувэй шатқалынан «епті адамның» қаңқасы табылды. Бұл жерден табылған тас құралдар өндірісі – «олдувэй мәдениеті» деп аталады.
Оппозиция – қарама-қарсылық, қарасылық көрсету.
Ориенталисттер – шығыстанушы ғалымдар.
Орхон-Енесей жазуы – түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Оссурий (қыш табыт) – мәйітті жерлеуге арналған қыш жәшік.
От жағу – адамдар ерте палеолиттің соңы мен орта палеолит кезеңінде отты қолдан жағуды үйренген.
Отан соғысы – агрессорлармен болатын бүкілхалықтық, әділетті, азаттық күрес.
Отар – мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылған ел.
Отарлық саясат – экономикалық жағынан нашар дамыған, басқа халықтардың өкілдері басым тұратын елдер мен аумақтарды әскери, саяси және экономикалық жағынан мәжбүрлеудің көмегімен қанаушылық және құлдану саясаты.