Трагедия – апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.
Тухси – түрік тілдес тайпа.
Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген.
Түркістан автономиясы – 1917 жылы 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым.
Тың игеру – КСРО-да астық өнімін артыру мақсатында 1954-1964 жылдар аралығында жүзеге асырылған мемлекеттік іс-шара.
Тілмаш– бір тілді екінші тілге аударатын адам.
Уәзір – хан кеңесшісі.
Уәлаят – аймақтық-әкімшілік бөлік.
Уезд – ХVІІІ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі Ресей империясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Унитарлы– құрамында федеративтік құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы.
Унитарлық мемлекет –федерациядан өзгеше, өз құрамында федерациялық бірліктер (штаттар, жерлер, автономиялар, автономиялық республикалар мен округтер) болмайтын, тек әкімшілік-аумақтық бірліктерге (аудан,облыс т.б.) бөлінетін мемлекеттік құрылымының формасы.