6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі. Жазалаушы экспедиция



бет261/358
Дата27.03.2022
өлшемі462,64 Kb.
#136926
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   358
Байланысты:
Каз тарих

Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі.
Жазалаушы экспедиция – Ресей империясының отаршылдыққа қарсы шығушыларды жазалау үшін жасақталған әскери бөлімі.
Жайық казактары – ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін пайдаланды.
Жалға беру – жер не мүлікті уақытша пайдалану үшін жалға беру.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) – кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б)П Х съезінен кейін енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.
Жаңару – саяси жүйе, ел өмірінің саны мен сапасына байланысты өзгеру.
Жарғы – белгілі бір ұйымның атқаруы тиіс қызметі туралы, оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.
Жариялылық – ақпараттардың қоғамдық таныстыруға, талқылауға, ұйымдардың, мекемелердің және лауазым иелерінің қызметтерін бақылау үшін ашықтығы, қол жетерлілігі.
«Жасақ» («Яса») – Шыңғысханның заң ережелері мен қаулы-қараларының жиынтығы.
Жас тұлпар – Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының бейресми қоғамдық ұйымы. 1963 жылы құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет