6-сынып Тас дәуірі


Ақсақал  – аталас туыстар билігін жүргізетін адам.  Ақинақ



Pdf көрінісі
бет634/745
Дата19.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#103381
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   745
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ

Ақсақал
 – аталас туыстар билігін жүргізетін адам. 
Ақинақ 
–  қолма-қол  шайқаста  қолданылған,  ұзындығы  40-60  см,  қысқа  семсер.  Скиф-сақ  және  иран  тілді 
халықтарда кең таралған. Ақинақ қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. 
Ақсүйек
 – хан, сұлтан, қожа ұрпақтары. 
Ақын
 – суырып салма, яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі. 
Алаш 
– ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы. 
Алаш  автономиясы
  –  1917  жылы  5-13  желтоқсанда  Орынбор  қаласында  өткен  ІІ  Жалпықазақ  съезінде 
жарияланған қазақ халқының ұлттық-аумақтық мемлекеттілігі (1917-1920 ж.) 
Алаш  қозғалысы
  –  ХХ  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  Ресей  империясының  отарлық  билік  жүйесіне  қарсы 
бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. 
АЛЖИР  (Отан  сатқындары  әйелдерінің  Ақмола  лагері)
  –  Сталиндік  тоталитарлық  жүйе  кезінде  «халық 
жаулары»  саналып,  саяси  қуғын-сүргінге  ұшыраған  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлері  мен  қарапайым 
адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь. 
Алмас қылыш
 – болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі. 
Аманат
 – кепілдікке берілген адам. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде 
қазақ  хандарының,  сұлтиандарының,  билері  мен  батырларының  беделді  отбасынан  балаларының  біреуін 
кепілге алатын болған. 
Анимизм
  –  жануарлар  мен  заттарда  және  табиғи  құбылыстарда  мекен  ететін  ғажайып,  тылсым  мақұлұқтар 
кейіпіндегі жан мен рухқа байланысты ең ежелгі діни сенім. Анимизм ата-баба әруағына табынудан, жанның 
мәні өмір сүретіне сенуден айқын көрініс тапқан. 
Аннексия
 – бір елді немесе оның бір бөлігін екінші күшпен қосып алуы. 
Антрапология
  –  адамның  шығу  тегі  мен  даму  эволюциясын,  адам  нәсіпелдерінің  пайда  болуымен  сыртқы 
биологиялық қасеттерін зерттейтін ғылым. 
Аң стилі
 – негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын, б.з.б. 
VIII-II ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатқа қолданылған өнер түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   745




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет