Қарақытай –
монғол тектес қидандардың атауы.
Қараша
– қарапайым халық, кедейлер
Қарлаг
– Қарағанды лагері.
Қауым
– әлеуметтік ұйымдардың бір формасы. Алғашқы (рулық) қауым, ең алдымен, ұжымдық еңбек пен
тұтыну, ал кейінгі формасы – көршілік қауымдар.
Қидандар, қытайлар
– моғол тобына жататын тайпалар.
Қоғамдық қатынастар
– әлеуметтік топтар, ұлттар, діни қауымдастықтар арасындағы көптүрлі байланыстар,
сондай-ақ олардың өз ішіндегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, т.б. қызметтері.
Қола дәуірі
– қола құралдардың өндіріске енген кезеңі қола дәуірі деп аталады.
Қонтайшы –
жоңғар хандығындағы ең жоғарғы билеуші, хан.
Достарыңызбен бөлісу: |