Мемлекеттік Дума –
Ресейдегі 1906-1917 жылдардағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы.
Меншік –
кез келген субъектіге тиесілі (адамға, отбасыға, қауымға, руға, мемлекетке, т.б) және бір адамның
толық иелігіндегі мүлік
Мес –
қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс.
Метафизика –
болмыстың сезімінен тыс (тәжірибеге бағынбайтын) принциптерін зерттейтін философиялық
ілім.
Метрополия
(грек. metrypolis; «meter»-ана, «polis»-қала деген сөз) – отарлары бар мемлекет. Ондай мемлекет
отарлары үшін метрополия болып есептеледі.
Мешіт –
мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын. Аллаға сиынатын орны.
Мещеряктар –
түркі тілдес халықтар тобына жататын ұлыстың аты.
Достарыңызбен бөлісу: |