Казармалық социализам
– қатаң, тоталитарлық тәртіпке негізделген социалистік құрылым.
Катаклизм
– кенеттен болған астан-кестен өзгеріс,
апатты жағдай, қуғын-сүргін.
Категория
– санат, сапа және сан категориясы.
Кәсіподақтар
– жұмысшылардың мүддесін қорғайтын ұғым.
Квалификация
– белгілі бір еңбек түріне жарамдылық деңгейі.
Кворум –
заңмен немесе нұсқаулықпен белгіленген белгілі бір органның жиналысына қатысушылардың саны.
Кебеже
– азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.
Кеден
– шекарадан өтетін тауарларды тексеретін және осы тауарлардан салық алып тұратын мекеме.
Келі –
тары, бидай, т.б. дәнді-дақылдарды түйетін, ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.
Келіншектас
– Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы.
Кемпіртас
– Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы.
Кеңестер
– 1905-1907 жылдардағы революциялар кезінде пайда болған жұмысшылар мен қызметшілердің
кеңестері, шаруа депутеттарының кеңестері, солдат (матрос) депутаттарының кеңестері тәрізді сайланбалы
саяси ұйымдар.
Керуен
– алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі.
Керамика
– сазбалшықты жоғары температурада (400с) күйдіру арқылы жасалған түрлі бұйымдар.
Керамиканы шеберлер әртүрлі пішінде және сыртына сан алуан өрнектер салып жасаған.
Кереге –
киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы.
Достарыңызбен бөлісу: