Жер көріп қайтушылар (ходоктар)
– құнарлы жер көріп, таңдау үшін жіберілген шаруалар.
Жерді бірігіп өңдеу жөніндегі серіктестік (ТОЗ)
– Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы жер үлестерін
біріктіру мен бірігіп еңбек етуге негізделген ауыл шаруашылық кооперациясы.
Жертөле
– кейінгі палеолитте пайда болған, жерден қазылған және жыртылатын үйдің ең көне және кең тараған
түрі. Жертөленің шатырына сырғауыл немесе бөрене қойып, үстін топырақ және шыммен жапқан.
Жол жөндеу салығы
– көшпелі қазақтардың Сібір казактарының меншігі мен бақылауындағы жерлермен
жүріп өткені үшін төлейтін ақысы.
Жужань
– ІV ғасырда Монғолия мен Батыс Манчьжурияда құрылған көшпелі тайпалар одағы.
Жұт
– қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі індет.
Жүген
– ер-тұман әбзелі.
Жүз
– бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.
Жылу
– малының қырылуына байланысты туысқандарынан сұрайтын көмек.
Жырау
– жырды көп білетін және жанынан өлең шығаратын жыршы адам.
Достарыңызбен бөлісу: |