Жазалаушы экспедиция
– Ресей империясының отаршылдыққа қарсы шығушыларды жазалау үшін
жасақталған әскери бөлімі.
Жайық казактары
– ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын шаруалардан құралған еркін
казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін
пайдаланды.
Жалға беру
– жер не мүлікті уақытша пайдалану үшін жалға беру.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)
– кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б)П Х съезінен кейін
енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.
Жаңару
– саяси жүйе, ел өмірінің саны мен сапасына байланысты өзгеру.
Жарғы
– белгілі бір ұйымның атқаруы тиіс қызметі туралы, оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер
жиынтығы. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.
Жариялылық
– ақпараттардың қоғамдық таныстыруға, талқылауға, ұйымдардың, мекемелердің және лауазым
иелерінің қызметтерін бақылау үшін ашықтығы, қол жетерлілігі.
«Жасақ» («Яса»)
– Шыңғысханның заң ережелері мен қаулы-қараларының жиынтығы.
Жас тұлпар
– Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының бейресми қоғамдық ұйымы. 1963 жылы құрылған.
Жасауыл
– патша армиясының казак офицерлерінің шені.
Жатақ
– кедейленген малшылардан шыққан егіншілікпен айналысатын кедей-шаруалар.
Жәдитшілдік
– мұсылмандар арасындағы ұлттық қозғалыс, саяси ағымды жақтаушылық.
Жебе
– садақ оғының, назаның ұшы. Садақ оғы да осылай аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |