6-сынып Тас дәуірі



Pdf көрінісі
бет645/745
Дата19.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#103381
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   745
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ

Демократияландыру 
– қандай да бір шараларды демократиялық (немесе неғұрлым демократиялық) негіздерде 
ұйымдастыру. 
Депортация  (лат.  қуу)
  –  1920-1940  жылдардағы  жаппай  қуғын-сүргін  кезеңінде  КСРО-ның  бірқатар 
халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.  
Депутат 
– қалалық өзін-өзі басқару органының мүшесі. 
Десятина
 – 1,09 гектарға тең жер көлемі. 
Дефицит
 – тапшылық, жетімсіздік. 
Дешті қыпшақ
 – Қыпшақ даласы. ХІ-ХVІ ғасырларда қолданылған географиялық ұғым. 
Диаспора
  –  этностың  басқа  мемлекеттің  аумағында  тұратын  шағын  бір  бөлігі,  бұрынғы  өз  отанынан  алыс 
жерлерге қоныстанған адамдар. 
Диверсификация 
– өнім түрлерінің көрсетілетін қызмет түрлерінің, т.б. ұлғайтылуы, өзгертілуі. 
Динар
 – Шығыс елдерінің ежелгі алтын теңгесі. 
Дискриминация 
– адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау. 
Диссидент
 – басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өз 
шығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Диссиденттер қуғынға 
ұшыратылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті.  


 
Дистанция
 – Кіші жүз жеріндегі шекара шебі маңында тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік 
бірлік. 
Диуан
  –  1)  Моғол  мемлекетіндегі  атқарушылық  билікті  жүзеге  асыратын  орган;  2)Ресей  империясындағы 
округтік орган. 
Диуан 
– мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мемлекеттер. 
Доктрина
 – ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым. Шешуші теориялық немесе саяси қағида. 
Дромос
 – оба астындағы қабірге алып баратын, мәйітті тонаудан сақтап қалу үшін жасалған дәліз тәрізді үсті 
жабық өткел. 
Дротик 
–  аңшылық  және  соғыс  қаруы  ретінде  кейінгі  палеолитте  қолданылған,  ұзындығы  120-140  см-ден 
аспайтын, лақтырылатын қысқа сапты ағаш найза. 
Дуал
 – балшықтан қаланып, биік етіп салынған қоршау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   745




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет