Боз
– мақта матадан тоқылған кездеме.
Бөрі
– ежелгі түрік қағанатының дербес жасағының атағы.
Буржуазиялық революция
– негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия
билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.
Бұйда
– түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.
Бұлақ
– түрік тілдес тайпа.
Бұратана
– бодан, бағынышты, кіріптер жұрт, халық.
Білікшілер
– іс-қағазын жүргізушілер, хатшылар.
Бюрократия
– қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар үкімет аппаратының көмегімен іске
асырылатын басқару жүйесі, шенеуніктердің билігі.
Вақф, Вакуф
– мұсылман елдеріндегі діни немесе қайырымдылық ұғымдарының сыйға тартқан ие болмаса
өсиет еткен түрде ұсынылған, салық салынбайтын, тартып алынбайтын мүлік (тиісті жер)
|