Әскери коммунизм
– Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920) жылдарындағы әлеуметтік-
экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік элементтерді күштеп ығыстырып шығару жолымен социалистік
қоғамды құру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнелейді.
Әскери-өндірістік кешен
– әскери қару-жарақ, құрал-жабдық және басқа әскери өнімдер өндіретін
кәсіпорындар кешені.
Баға
– заттың құны, нарқы. Бағаны босату – заттың өзіндік құнын белгілеу еркіндігі.
Баж (бадж)
– отырықшы гінші тұрғындардан жиналатын салық түрі.
Баж салығы
– мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі.
Достарыңызбен бөлісу: