Бесжылдық, бесжылдық жоспар
– Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік –
экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші бесжылдық жоспары
1929-1932, Екінші бесжылдық жоспары 1933-1937 жылдарға арналды.
Бескіл
– түрік тілдес тайпа
Би
– әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.
Бифас
– екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал.
Боғдыхан
– қытай императорының монғол тіліндегі атауы.
Болос
– кейінгі полеолитте жіпке байланып, оқ есебінде қолданылған жомалақ тастар, Бұл тастар лақтырған
кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған.
Болыс
– әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі.
Большевизм
– В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903 ж.)
басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер
деп атала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |