Сюбашы
– әскербасы.
Табыс табу
– село тұрғындарының күнкөріс үшін табыс табу мақсатымен маусымдық уақытша жұмыс іздеп
қалаға не басқа жаққа кетуі.
Тағар –
әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынатын салық.
Тайпа –
адамзат қоғамындағы этникалық қауымдастық пен әлеуметтік ұйымдардың түрі. Тайпа белгілерінің
ерекшілігі – оның мүшелерінің арасында қатынас туыстық байланыстардың болуы, руларға бөліну.
Тайпин көтерілісі
– 1850-1864 жылдары Қытайда болған ірі шаруалар көтерілісі.
Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Тамыр –
алыс-беріс жасап жүретін жақсы жолдас, сыйлас адамдар.
Достарыңызбен бөлісу: |