Ресурс –
қор, елдің сарқылмас қоры.
Ресурстар
– кез-келген заттың қоры, қайнар көзі.
Ретушь
– араның жүзі сияқты кертіктермен тастарды түзету арқылы өткірлейтін тас өңдеу әдісінің жетілген
түрі. Ретушьтік әдіс арқылы екі жағында пайдаланатын құралдар жасалған.
Референдум
– аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру; мемлекеттік құқықта
сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық түпкілікті шешім қабылдауы.
Реформа –
қайта құру, өзгерту, қайта жасау.
Ру –
өзінің шығу тегін бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе өздерін бір атаның ұрпағымыз деп
сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы.
Рубасы –
ру билігін жүргізетін адам.
Руна жазуы
– түркілердің көне жазуы.
Саба –
қымыз ашытуға арнап жылқы терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс
Сабау
– жүнді сабап қопсытуға арналған таяқшалар.
Саботаж
– өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру.
Сағанатам
– діни құрылыс, төрт құлақты етіп тұрғызылатын мазардың бір түрі.
Садақ –
жебе ататын қару. Оның адырнасы мықты қайыстан жасалып, жағына керіледі.
Сайлау құқығы
– азаматтардың өкіметтің органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы.
Салжұқтар
– түрік-оғыздардың үрім-бұтағы. Оғыз тайпалық одағынан бөлініп шыққан кездегі басшы көсемі.
Салжұқтардың атымен аталған.
Сал-серілер
– ақындық пен әншілік бойына туа дарыған өнер иесі.
Самодержавие
– революцияға дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігі мен осындай билікке
негізделген басқару жүйесі.
Саналы адам
– ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жартылысынан әлдеқайда жетілген
адам. «Саналы адамның» түр-тұлғасы мен ойлау дәрежесі бүгінгі адамдармен теңдес келеді.
Сандық –
киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.
Достарыңызбен бөлісу: |