Путч (нем. рutch)
– шағын топтың мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатын көздеген бүлігі.
Пұт
– құдайдың адам, жануар және құс бейнесіндегі мүсіні. Адамзат тарихының ерте кезеңінде пұт жасауға тас,
сүйек, ағаш қолданылса, кейіннен металдардан жасайтын болған.
Пұт
– салмағы 16,3 кг-ға тең ауырлық өлшемі.
Рабад
– ортағасырлық қаланың егін егушілер мен мал өсіруші қарапайым хлық тұратын сыртқы бөлігі.
Радикализм
– терең, батыл шаралар қолдану әрекеті. Мәмілеге келмейтін саяси ұйымдар тобы.
Расправа
– Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган.
Рационализация
– өндіріс үдерісін жақсарту, жетілдіру, арзаңдату мақсатымен қолданылатын шаралардың
жиынтығы.
Реабилитация
– бастапқы құқықтар мен бастапқы жақсы беделді қалпына келтіру.
Реабилитация –
тағылған айыпты жоққа шығару, сот арқылы ақтап, заңды құқығын қайтару.
Реакция
– қоғамдық прогреске белсене қарсы күрес жүргізу саясаты.
Революция
– қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
Резиденция
(лат. residentia) – мемлекет басшысының, үкіметінің, шет мемлекеттің елшісі орналасқан жер.
Реквизиция
– азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз, құнын төлей отырып
мемлекеттің меншіктенуі.
Реконструкция
(қалпына келтіру) – жеке бөлшектерді, адам және жануар қалдықтарын, түрлі бұйымдар мен
құрылыстарды қайта қалпына келтіру. Ежелгі адамның сыртқы келбетін қалпына келтірудің негізін салушы –
белгілі антрополог М.М.Герасимов (1907-1970 жж.)
Рентабельділік
– тиімділік, фирманың, оның қызметінің табыстылық көрсеткіші.
Репатриация –
қоныс аударылғандарды отанына қайтару.
Репрессия
– мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.
Республика
(лат. – қоғамдық іс) – мемлекет басшысын (мысалы, президент) халық немесе арнайы сайлау
коллегиясы сайлайтын басқару формасы. Заң шығарушылық билікті сайланып қойылатын өкілдік орган
(парламент)жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |