6-сынып Тас дәуірі


Ресурс –  қор, елдің сарқылмас қоры.  Ресурстар



Pdf көрінісі
бет676/745
Дата19.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#103381
1   ...   672   673   674   675   676   677   678   679   ...   745
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ

Ресурс –
 қор, елдің сарқылмас қоры. 
Ресурстар 
– кез-келген заттың қоры, қайнар көзі. 
Ретушь 
– араның жүзі сияқты кертіктермен тастарды түзету арқылы өткірлейтін тас өңдеу әдісінің жетілген 
түрі. Ретушьтік әдіс арқылы екі жағында пайдаланатын құралдар жасалған. 
Референдум 
– аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру; мемлекеттік құқықта 
сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық түпкілікті шешім қабылдауы. 
Реформа –
 қайта құру, өзгерту, қайта жасау. 
Ру –
 өзінің шығу тегін бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе өздерін бір атаның ұрпағымыз деп 
сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы. 
Рубасы –
 ру билігін жүргізетін адам. 
Руна жазуы
 – түркілердің көне жазуы. 
Саба –
 қымыз ашытуға арнап жылқы терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс 
Сабау
 – жүнді сабап қопсытуға арналған таяқшалар.  
Саботаж 
– өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру. 
Сағанатам
 – діни құрылыс, төрт құлақты етіп тұрғызылатын мазардың бір түрі. 
Садақ –
 жебе ататын қару. Оның адырнасы мықты қайыстан жасалып, жағына керіледі. 
Сайлау құқығы
 – азаматтардың өкіметтің органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы. 
Салжұқтар 
– түрік-оғыздардың үрім-бұтағы. Оғыз тайпалық одағынан бөлініп шыққан кездегі басшы көсемі. 
Салжұқтардың атымен аталған. 
Сал-серілер
 – ақындық пен әншілік бойына туа дарыған өнер иесі. 
Самодержавие 
–  революцияға  дейінгі  Ресейдегі  патшаның  шектеусіз  жоғарғы  билігі  мен  осындай  билікке 
негізделген басқару жүйесі. 
Саналы адам
  –  ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы  жартылысынан әлдеқайда жетілген 
адам. «Саналы адамның» түр-тұлғасы мен ойлау дәрежесі бүгінгі адамдармен теңдес келеді. 
Сандық –
 киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   672   673   674   675   676   677   678   679   ...   745




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет