Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКҚ)
– Кеңес мемлекетінің 1917-1946 жылдар аралығындағы жоғарғы
атқарушы және жарлық етуші органы (үкіметі). 1946 жылы Министрлер Кеңесі болып қайта құрылды.
Халық миграциясы
– тұрғылықты орнын ауыстыруға байланысты адамдардың қоныс аударуы.
Халықшылар
– ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы төңкерісшілдер.
Хан, қаған –
тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы.
Ханақа –
дін жолын ұстаған тақуалар мен кезбе дәруіштер үшін салынған қонақ үйі
Харадж
– феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық.
Хорунжий
– казак әскерінің төменгі офицерлік шені, жаяу әскердегі подпоручик немесе атты әскердегі корнет
шеніне сәйкес келеді. Қазіргі армиядағы лейтенант атағы.
Целлюлоза
– қағаз, жұқа пленка, т.б. бұйымдар өндірілетін табиғи өнім.
Достарыңызбен бөлісу: |