Шаруашылық есеп
– кәсіпорындарда шаруашылықты жоспарлы жүргізу әдісі, ол өндірістің өнім өндіруде
жұмсалатын шығындары мен нәтижелерін салыстыруға, шығындардың орнын өз табыстарының есебінен
толтыруға және өндірістің тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Шаруашылық есептегі кәсіпорын
шаруашылық есебін жүргізуде өз дербестігін сақтайды.
Шахристан –
ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені.
Шежіре
– қазақтардың генеологиялық кестесі, тарихи жылнама.
Шекшек ата
– ешкі түлігінің пірі.
Шерби
– ұлыс істерін басқаратын қызметшілер.
Шикі кесек
– малдың қиы мен сабан араластырып иленген балшықтан құйылған кірпіш.
Шовинизм
– ұлтшылдық саясаттың бір бағыты.
Шопан ата
– қой түлігінің пірі.
Шылбыр –
салт аттың жүрегіне тағылатын бас жіп. Шылбыр тек жылқы малына ғана тән.
Шыңғыснама
– Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жайлы жазылған шежіре.
Інжу –
монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі.
Эвакуация
– көшіру, соғыс жағдайында кәсіпорындарды тылға көшіру.
Экология
– тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін ғылым.
|