№6 СОӨЖ Тақырып: Коммуникативтік дағдыны дамытуда тілдесімнің түрлі формаларын қолдану
Мақсаты: Түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Жүргізілу формасы: Жеке, жұптық, топтық талдау.
Тапсырма түрлері:
1. Ынталандырушы және белсенді тілдік орта құра отырып, қажетті қатысымдық дағдыларды дамыту
2. «Әліппе», «Ана тілі» пәндерінде тыңдалым және жазылым, оқылым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілерін құру
3. Тілдесімнің түрлі формалары мен оны қолданудың жолдарын талдау, сызба арқылы модельдеу.
Әдістемелік нұсқау:
1. Коммуникативтік дағды оның адам өміріндегі, қоғамдық ортадағы алатын орны туралы ойынды жеке, жұпта, топта ортаға сал, ойталқы жасау.
2. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Шығармадағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру, сипаттама жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту. (Назарбаев зияткерлік мектебі жаңартылған бағдарламалар, презентациялар. Астана, 2016. Сауат ашу оқу бағдарламасы dereksiz.org/sauat-ashu-ou-...)
3. Тілдесімнің түрлі формалары мен оны қолданудың жолдарын талдап, оны модельде.
Модель – (лат.modulus – үлгі, өлшем) – нысан және оған қарым-қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты, бейне, схема, т.б.)
Әдебиеттер: 1. Назарбаев зияткерлік мектебі жаңартылған бағдарламалар, презентациялар. Астана, 2016. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Сауат ашу бағдарламасы» .2016, Астана.
2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы.
3. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мұғалім қызметінің ұйымдастыру бағыттары» (әдістемелік нұсқаулық)
4. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қараша № 17669.
5. «Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы оқыту семинарының материалдары. Астана 27.01.2016
6. Сауат ашу.1-2 – бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбына арналған оқулық. Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайысова, Г.Т.Садуақас,, М.Н.Оспанбекова – Алматы: Атамұра, 2016, - 128бет
7. Сауат ашу. Оқыту әдістемесі. 1-2 бөлім Жалпы білім беретін мектептің 1 сынып мұғалімдеріне арналған. Ә.Е.Жұмабаева, М.Н.Оспанбекова – Алматы: Атамұра, 2016, - 112 бет
Интернет ресурстар:
1.student.zoomru.ru/pedagog/..
2.sachok.kz/referat/show/642. sc0007.atbasar.akmoedu.kz/...
3.www.bilim.kz.
4.dereksiz.org/sauat-ashu-ou-..