6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу



бет12/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген өзге тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
 
39-бап. Жеке кәсіпкерлікті бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерi
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының:
1) ЖК Заңның 38-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін алуға, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен мәніне сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге құқығы бар.
Тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына тексеру мәніне жатпайтын талаптар қоюға және өтініш жасауға тыйым салынады.
Мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіппен қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) тексеру жүргізу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру мәніне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктер беруге;
6) тексеру жүргізу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексерудің мәніне қатысты қажетті ақпарат беруге;
7) тексеру аяқталған күні жеке кәсіпкерлік субъектісіне жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актіні беруге;
8) алынған құжаттардың және тексеру жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
 
40-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу кезіндегі жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен
міндеттерi
Жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) егер:
ЖК Заңның 38-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілмеген;
лауазымды адамдар тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген;
тексеруді бастау күні басталмаған немесе өтіп кеткен;
тексеруді тағайындау туралы акті осы Заңның 38-бабының 2-тармағына сәйкес ресімделмеген жағдайда объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге;
2) егер жүргізілетін тексерудің мәніне жатқызылмаған немесе актіде көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;
3) тексеруді тағайындау туралы актіге және тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлікті шектейтін заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға құқылы.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды жүргізген кезде жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) ЖК Заңның 38-бабы 4-тармағының талаптары сақталған кезде тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге;
2) ЖК Заңның 11-бабының талаптарын сақтай отырып, тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қосу үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен мәніне сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында алғаны жөнінде туралы белгі жасауға міндетті.
 
41-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібi
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектісі тиісті органның және (немесе) лауазымды адамның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қылмыстық істі қозғаумен және тексеру жүргізумен байланысты мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет