6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу



бет9/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)

Салық төлеуден жалтару – салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсаты салық төлеушінің салық обьектісін әдейі жасыруы және азайтуы.
Салық төлеуден жалтарудың себептері әртүрлі болуы мүмкін:
1)Шаруашылықты қалыпты жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы, салықтардың көптілігі.
2)Салық заңнмасының күрделілігі, нұсқаулықтар мен ережелердің қағидалары мен нормаларын түоліше түсіндіретін толықтырулардың, өзгертулердің, түзетулердің көптігі.
3)Салық қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер: қызметкерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, тексерулер кезіндегі қызметкерлердің адалдыққа жатпайтын іс- қылықтары.
4)Салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсаты мен субьектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы және т.т


Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау және қадағалау


Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау және қадағалау - өнiмдерге, процестерге қойылатын, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында белгiленген талаптар, сондай-ақ жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi қойылатын талаптар мемлекеттiк реттеу мақсаттарына қол жеткiзу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау - экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетика ресурстарын үнемдеуді, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын өнімдердің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау мынадай:
1) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын тексеру нысанында;
2) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру, ЖК Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк реттеу түрлерiн қолдану мемлекеттiк реттеу мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етпейтiн жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет