Байланысты: 6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)
Акциздер – баға қосылатын және сатып алушылар төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауаларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілетін қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциздер әмбебаптық және жеке – дара акциздер болып бөлінеді.Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Жеке – дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мәселен, акциздер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жеке оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, бекіре мен қызыл балық уылдырығы, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин(авиациялық бнзинді қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер(арнайы мүгедектерге арналған, қол мен басқарылатын автомобильдерден басқасы), атыс және газ қарулары(мелекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандарынан басқалары), шикі мұнай(газ конденсатын қоса), ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру және өткізу.
Акциз мөлшерлемесін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен(адвалорлық) және заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жинаудың толықтылығын қамтамсыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.
Корпороциялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады.
Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекетік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай – ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңды тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестің субьектілері, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпороциялық табыс салығын төлейді.
Корпороциялы табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Жеке табыс салығы бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 9 пайызын алады. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.
Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 30 пайызға дейін белгіленген.
Дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 10 поцент. Мөлшерлеме бойынша салық салынады.