Байланысты: 6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)
Салықтық бақылау – салық қызметі органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау. Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
салық төлеушілерді тіркеу есебі;
салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді есепке алу;
мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және
сату тәртібін сақтауды тексеру;
уәкілітті органдарға бақылау жасау.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы – шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын,
төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айып пұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. Салық міндеттемесін орындау, егер салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесі орындауды дербес жүзеге асырады.
Салық төлеуші салық міндеттмемсін орындау үшін мынадай іс - әрекеттер жасайды:
салық органына тіркеу есбінде тұрады;
салық салу обьектілермен салық салуға байланысты обьектілердің есебін жүргізеді.
Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төлнуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді.
Салық есептілігін жасайды және оны белгіленген тәртіппен тиісті мерзімде салық органдарына табыс етеді.
Салық заңдарына белгіленген тәртіппен және мерзімде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай- ақ салық міндеттемесі орындалмаған жағдайларда салық өсім пұлдары мен айыппұлдарын төлейді. Салық төлеуші салық міндеттемесін кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Салық міндеттемесін орындау мерзімдері салық кодексімен белгіленеді.
Бұл ретте, кодексте белгіленген мерзімнің өтуі оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды іс -әрекеттен кейін келесі күні басталады. Мерзімде кодексте белгіленген кезең аяқталған күннің соңында бітеді. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күннің соңында аяқталады. Салық органдары салық бақылауы нәтижелері бойынша салықтар, бюджетке төлнентін басқа да міндетті төлемдер, өсім пұлдар мен айып пұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ ҚР салық заңдарын бұзушылықтары жою туралы хабарлама жіберген жағдайда, салық міндеттемесі салық төлеушіге хабарлама тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күн ішінде орындалуға тиіс.
Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
есептелген өсімпұлдар;
есептелген айыппұлдар;
бересі сомасы.
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамсыз ету тәсілдері:
салық төлеушінің белгілеген мерзімде салық міндеттмесін орындау;
банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін;
Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Мәжбүлеп өндіріп алу шараларын қолдану салық қызметі органдарының салық міндеттемесін орындау туралы салық төлеушіге жіберілген хабарламасы негізінде жүргізіледі.
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: