Қазақстан Республикасындағы салық салудың түрлері Қазақстан Республикасында салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қолданылады. Салықтарды салу обьектісі бойынша, олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тікелей салықтар салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне(үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тікелей салықтар бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де оның қаржы жағдайын да ескереді. Жанама салықтар - баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістерімен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай – ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экпортқа және импотқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді.Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процессіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың қызметтің нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады. Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджттерде шоғындырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдалынылады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі қорлардың қаржы базасын құруға арналады. Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар –бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар. Салық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патеттік негізде.