3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы
Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрінде ресімделеді.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында:
1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;
2) тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің атауы мен орналасқан жері;
3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініштің жергілікті атқарушы органда тіркелгені туралы мәліметтер;
4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері;
5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесінде пайдаланылған басқа да құжаттардың тізбеленіп көрсетілуі;[kgl]
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Кодексі (2011.10.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
3.Тұтынушылар құқығын қорғау
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың әртүрлі салаларын қамтиды. Бұл нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Конститутциясынан бастау алады. Өйткені Конститутцияның өзінде біздің еліміздің ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары болып табылады деп көрсетілген. Сонымен бірге Конститутцияда азаматтардың дем алуға, денсаулығын, тұрғын үйін заңсыз қол сұғушылықтан қорғауға, білім алуға құқығы және өзге де құқықтары бекітілген. Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тауарларға, жұмыстар мен мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау орнатылған. Ал тұтынушылардың құқықтарының елеулі түрде бұзылуынан әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары қорғайды.
Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтсақ ҚР Азаматтық кодексі нормалары басты рөл атқарады. Азаматтық кодекстің бірінші бөлімінде азаматтардың және ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық-құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң шығармашылығының құрамына әртүрлі дәрежедегі нормативтік актілер енеді. Оларға «Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы» Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңының күші жойылды. Енді жаңадан қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі жатады. Бұл заң шығармашылығының құрамына өзге де актілер кіреді, оларға Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары жатады. Мұндай актілер барлық уақытта қажет, өйткені құқықтық қатынастар бір жерде тоқтап тұрмай, үнемі дамып және өзгеріп отырады, сондықтан оны үнемі жетілдіріп отыру керек.
Заң шығармашылығында тұтынушылық қатынастарды әртүрлі реттейтін нормативтік актілердің екі тобын бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа тұтынушы тікелей қатысушы болып табылатын актілерді жатқызуға болады. Осы топқа тұтынушының тауардың, жұмыс пен қызметтің тиісті сапасына құқығын, олардың өмірге және денсаулыққа қауіпсіздігін орнататын актілер, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымалдау және өзге де шарттардағы қатынастарды реттейтін актілер жатады, шарттарды орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау салдарын, тауарды дайындаушының, сатушының жауапкершілігін айқындайтын актілер жатады.
Екінші топқа өз қызметі шегінде тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге талаптарды анықтайтын және осы талаптардың сақталуына қадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін актілер жатады. Оларға «Сақтандыру қызметі туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» және өзге де заңдар жатады. Олар тұтынушы үшін маңызды ережелерді орнатады.
Енді бұл жерде бір қатынасты бірнеше нормативтік акт бірдей реттесе және олардың арасында қайшылық болса қайсысы қолданылуы тиіс деген заңды сұрақ туады. Бұған төмендегідей жауап қайтаруға болады. 1998-жылы 24-наурызда қабылданған «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында төмендегі норма көрсетілген:
1) Әртүрлі дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында қайшылық туған жағдайда дәрежесі жоғары акт нормасы әрекет етеді.
2) Бір дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында қайшылық туған жағдайда соңғы қабылданған акт нормасы әрекет етеді.
Осы нормаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конститутциясының ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылуға жатады (Конституцияның 4-бабының 2-тармағы).
Сонымен бірге Азаматтық кодексте азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы кодекстің ережелері қолданылады деп көрсетілген (ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабының 2-тармағы). Бұл нормаларды толықтыра кететін болсақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тұтынушылардың құқықтары мен оларды жүзеге асыру механизмі осы заңмен және Қазақстан Республикасының осы заңға сәйкес шығарылған басқа да заң актілерімен реттеледі деп көрсетілген (Заңның 3-бабының 1-тармағы).
Енді осы төрт нормадан шығатын қорытынды: азаматтың негізгі құқықтары Конституцияда бекітіледі, ал тұтынушы Азаматтық кодексте және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген құқықтарды пайдаланады. Ал Азаматтық кодекс пен осы заң бірлесіп әрекет етеді, әрі бір-бірін толықтырып отырады. Ал басқа нормативтік құқықтық актілер Азаматтық кодекске және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Ал халықаралық шарттарға келетін болсақ, онда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Кеңесінің «Соттардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заң шығармашылығын қолдану тәжірибесі туралы» 1996-жылы 25-ші шілдеде қабылдаған N-7 Қаулысында бұл мәселеге қатысты былай делінген: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басым болатындығын соттар ескеруі тиіс. Тиісінше, егер республикамыз бекіткен халықаралық шартта тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы республикамыздың заңдарында көзделген құқықтардан өзге құқықтар көрсетілсе онда халықаралық шарт ережелері қолданылады» [4]
Енді келесі маңызды мәселе, осы заң шығармашылығын дұрыс түсіну және қолдану үшін біз тұтынушы деген кім екенін және оның басқа субъектілермен қатынасқа түсу шеңберін анықтап алуымыз керек.
ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес тұтынушы – өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн тауарға (жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниетi бар не тапсырыс беретiн, оларды иеленетiн және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға.
Ал, «Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын» қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмде тұтынушы - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес, тек жеке (тұрмыстық) мұқтаждықтарына арналған тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниетi бар тапсырыс берушi, сатып алушы немесе пайдаланушы азамат - деп көрсетілген.
Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады. Оның біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында және негізгі қызмет қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды.
Тұтынушыға қойылатын екінші талап - ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады және олардың құқықтары ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес бірдей дәрежеде қорғалады. Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы азаматтық заң шығармашылығы нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер және т.б.) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.
Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді пайдаланатын адам да тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге тауарды алуға ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Мысалы, адам сатушыдан тауарды көрсетуді және ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы болып есептеледі.
Адам тұтынушы болып есептелуі үшін тауар (жұмыс, қызмет) оған міндетті түрде ақылы жолмен өтуі керек және бұл тұтынушыға қойылатын үшінші талап. Егер тауар басқа жолмен өтсе (мысалы, айырбастау, сыйға тарту) онда мұндай қатынастарға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайды.
Тұтынушылық құқықтық қатынастың келесі қатысушысы – дайындаушы. Ол тауарды өткізу үшін өндіретін кәсіпорын, ұйым, мекеме, не азамат. Бұл жерде тауарларды тұтынушыға өткізу тікелей емес, тек сауда саттық, көтерме сауда кәсіпорындары, делдал арқылы жүзеге асырылатындығын айта кету керек. Егер дайындаушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізсе, онда ол сатушы болып есептеледі. Дайындаушыға коммерциялық та, коммерциялық емес те ұйымдар немесе шетелдік заңды тұлғалар да жатады. Коммерциялық ұйым – бұл негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйым. Коммерциялық емес ұйым – пайда табу мақсатын көздемейді, бірақ оның құрылтай құжаттарында көзделсе ол мұндай қызметті жүзеге асыра алады. Коммерциялық емес ұйымның кәсіпкерлік қызметіне коммерциялық емес ұйымның құрылу мақсатына сай келетін және пайда түсетін қызмет көрсетулер мен тауар шығару, сонымен бірге бағалы қағаз алу және жүзеге асыру жатады.
Бірақ бұл ұйымдарға ортақ белгі, оларға қызметтің белгілі бір түрімен айналысу үшін лицензия қажет. Тұтынушының тағы бір контрагентіне заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер жатады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азамат жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерге коммерциялық ұйымның қызметін реттейтін ережелер қолданылады. Жалпы алғанда дайындаушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізуі тиіс, егер ол өнімді басқа тұлғаға өткізсе, мұндай қатынастар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттелмейді.
Тұтынушымен қатынасқа түсетін келесі тұлғаға сатушы жатады. Бұл тауарды сатып алу-сату шарты бойынша өткізетін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
Ал орындаушы – ақылы түрде жұмыс орындайтын немесе қызмет көрсететін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азмат. Оның негізгі белгісіне ақылы болуы жатады. Тұтынушы мен орындаушы арасындағы қатынастар, олар жасайтын шарт (мысалы, тасымалдау, мердігерлік шарты) негізінде туындайды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдарда, соның ішінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң шығармашылығын соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының N-7 қаулысында, олардың нақты қандай қатынастарды реттейтіндігі айтылмаған. Бірақ осы нормативтік актілердің нормаларының мәнінен бұл заңмен негізінен келесі шарт түрлерінен туындайтын қатынастар реттелуі мүмкін деген тұжырымға келуге болады:
сатып алу-сату шарты;
мүлікті жалдау шарты;
тұрғын үйді жалдау шарты;
мердігерлік шарт, соның ішінде тұрмыстық мердігерлік шарт және абонементтік қызмет көрсету;
азаматтарды, жүктерді және қол жүктерін тасымалдау шарты;
комиссия шарты;
сақтау шарты;
қаржылық қызмет көрсету, сонымен қатар азаматтарға жеке тұрмыстық қажеттіліктер үшін несие беру, клиент азаматтарға есеп-шот ашу, азаматтардан бағалы қағаздар және өзге де құнды заттар алу және оны сақтау бойынша, консультациялық қызмет көрсету және т.б.
Қаржылық құрылым өкілдерінің тағы бір келтіретін аргументі: азамат банкке ақша сала отырып банкке қызмет көрсетеді, ал банк ол қызметті сыйақы төлеу арқылы өтейді, сөйтіп тұтынушы кәсіпкерлік қызметке қатысады дейді.
Енді бұған да жауап іздеп көрейік. Азамат банкке ақша сала отырып, өзінің мүлкінен уақытша айырылады және ол біріншіден, оларды дер кезінде пайдалану мүмкіндігінен айырылады, ал екіншіден, бұл ақша қаражатының қайтпау тәуекелін . Ал банк болса, сол ақшаны айналымға салып, пайда табады. Банк бұл табыстың бір бөлігін меншіктің қайтпау тәуекеліне төлем ретінде салым салушыға сыйақы түрінде төлейді, ал қалған бөлігі банкке түскен пайда болып табылады. Бұл жерде банктің пайдасы мен азаматтың салымына төленетін сыйақының арасында ешқандай байланыс жоқ. Өйткені банк салымшының салымын кәсіпкерлік мақсатта пайдалансын-пайдаланбасын бәрібір оған сыйақы төлеуі тиіс. Бұл банктің жалпы табысында тұтынушының ешқандай үлесі болмайтындығын және ол кәсіпкерлік қызмет қатысушысы бола алмайтындығын көрсетеді.
Сонымен, қаржылық қызмет көрсетуге қатысты қатынастарды «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін қатынастар қатарынан шығаруға ешқандай негіз жоқ.
Бүгінде тұтынушылар көбінесе жиһаз жасаушыларға жиі шағым айтады. Онда тауардың үлгісі мен материалдық құрамы немесе сапасыздығы туралы дау шығады. Тұрмыстық техника мен ұялы телефондарға да шағым жететін. Көліктердің өндірістегі сапасыздығы жөнінде келіп түсетін шағым өте көп. [kgl]
ҚР заңнамасы бойынша тұтынушылардың құқықтарының
жалпы сипаттамасы.
(ҚР ТҚТЗ, 3-тарау. Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау 7-бап.)
Тұтынушылардың:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетiлетiн қызметтi) иеленуге еркiн шарт жасасуға;
2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткiзуге;
3) тауар (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
4) қауiпсiз тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) сатып алуға;
5) тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) еркiн таңдауға;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) тиiстi сапасына;
7) тиiстi де, тиiстi емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
8) тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) кемшiлiктерi салдарынан өздерiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактiсiн растайтын құжатты алуға;
10) ұтыс түрiнде берiлген (орындалған, көрсетiлген) тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кiнә қоюға;
11) тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiн құруға;
12) моральдық зиянды өтетуге;
13) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға;
14) ҚР ТҚқтЗаңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi) иеленуге еркiн шарт жасасуға құқығы бар. Тұтынушыны тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi) иеленуге шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берiлмейдi. (ТҚқтЗ 8-бап.)
Тұтынушының тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткiзу құқығы тұтынушылық бiлiм негiздерi жөнiндегi мәселелердi бiлiм беру бағдарламаларына енгiзу арқылы, сондай-ақ тұтынушыға оның құқықтары және осы құқықтарын қорғау жөнiндегi қажеттi iс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесiн ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етiледi. 9-бап.
Тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ТҚқтЗаңның 25-бабына сәйкес толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар. Егер тауар (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру:
тұтынушыға қажеттi қасиеттерi жоқ тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзiне келтiрiлген залалды өтеудi талап етуге құқылы; сатып алынған тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) мақсатына сай пайдалану мүмкiндiгiнiң болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды сатып алған (жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген) күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде тиiстi ақпарат берудi талап етуге құқылы. Егер көрсетiлген мерзiмде ақпарат берiлмесе, тұтынушы шартты бұзуға және өзiне келтiрiлген залалды өтеудi талап етуге құқылы; тұтынушының өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiруге әкеп соқса, ол сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) ТҚқтЗаңның 16 және 31-баптарында көзделген талаптарды қоюға құқылы. 10-бап.
Тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгiленген шарттарына сай оның тұтынушы өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне, қоршаған ортаға қауiпсiз болуына құқығы бар. Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiстi талаптар мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгiленедi. 11-бап.
Тұтынушының азаматтық айналымнан алынып қоймаған немесе айналымы шектелмеген тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимiн ескере отырып, өзiне ыңғайлы уақытта еркiн таңдауға құқығы бар. 12-бап.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) сапасына қойылатын мiндеттi талаптар көзделсе, тұтынушының осы талаптарға сай келетiн тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) алуға құқығы бар.
Тұтынушының иеленетiн тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) сапасын, жиынтықталымын, салмағын, көлемiн, санын, мөлшерiн тексеруге, егер бұл тауардың сипатына қарай мүмкiн болатын болса, өзiнiң қатысуымен тауардың қасиеттерiн тексертудi немесе оның дұрыс және қауiпсiз пайдаланылуын көрсетудi жүргiзуге құқығы бар.
Егер тұтынушы шарт жасасу кезiнде сатушыға (орындаушыға) тауарды иеленудiң (жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудiң) нақты мақсаттары туралы хабардар етсе, оның тиiстi сападағы, осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) алуға құқығы бар.
Тауарды үлгiсi және (немесе) сипаттамасы бойынша сату кезiнде тұтынушының үлгiге және (немесе) сипаттамаға сай келетiн тауарды алуға құқығы бар. 13-бап.
Тұтынушы азық-түлiктiк емес тауар өзiне берiлген кезден бастап он төрт күн iшiнде, егер сатушы (дайындаушы) бұдан да ұзақ мерзiм жарияламаған болса, сатып алынған тауарды оның бағасында айырма болған жағдайда сатушымен (дайындаушымен) қажеттi қайта есеп айырыса отырып, мөлшерi, нысаны, ауқымы, пiшiнi, түсi, жиынтықталымы жағынан басқа, соған ұқсас тауарға айырбастап алуға құқылы. Айырбастау ТҚқтЗаңның 30-бабына сәйкес жүргiзiледi.
Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажеттi тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды сатып алу орны айырбастау немесе қайтарып беру орны болып табылады. 14-бап.
Тиiстi емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшiлiктер жөнiнде айтпаса, өз таңдауы бойынша:
1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемiтудi; 2) тауардың кемшiлiктерiн өтеусiз жоюды талап етуге құқылы. 15-бап.
Тұтынушының тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) құрастыру, рецептiлiк немесе өзге де кемшiлiктерi салдарынан өз өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге құқығы бар.
Сатушының (дайындаушының, орындаушының) кiнәсiне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда тұрғанына немесе тұрмағанына қарамастан, кез келген тұтынушының тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) кемшiлiктерi салдарынан келтiрiлген залалды (зиянды) өтеудi талап ету құқығы танылады. 16-бап.
Жарамдылық мерзiмi белгiленген тауарға қатысты тұтынушы тауардағы кемшiлiктер туралы, егер олар тауардың жарамдылық мерзiмi iшiнде табылса, талаптар қоюға құқылы.
Егер тауарға кепiлдi мерзiм белгiленген болса, тауардағы кемшiлiктер кепiлдi мерзiм iшiнде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшiлiктермен байланысты талаптар қоюға құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдi мерзiм тауар сатып алушыға берiлген кезден бастап есептеледi. Егер тауарға кепiлдi мерзiм немесе жарамдылық мерзiмi белгiленбесе, сатылған тауардағы кемшiлiктер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзiмдер белгiленбесе, тауар тұтынушыға берiлген күннен бастап екi жыл шегiнде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшiлiктермен байланысты талаптар қоя алады.
Шартта көзделген кепiлдi мерзiм екi жылдан аз уақытты құрайтын және тұтынушы тауардағы кемшiлiктердi кепiлдi мерзiм өткеннен кейiн, бiрақ тауар тұтынушыға берiлген күннен бастап екi жыл iшiнде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшiлiктердiң тауар тұтынушыға берiлгенге дейiн немесе сол кезге дейiн туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, сатушы (дайындаушы) жауапты болады.
Шартта жиынтықтаушы бұйымдарға кепiлдi мерзiмнiң ұзақтығы негiзгi бұйымға кепiлдi мерзiмнiң ұзақтығынан аз болып белгiленген жағдайда, тұтынушы жиынтықтаушы бұйымнан кемшiлiктер тапқан кезде ол жөнiнде негiзгi бұйымға белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде талаптар қоюға құқылы.
Егер жиынтықтаушы бұйымдарға кепiлдi мерзiмнiң ұзақтығы негiзгi бұйымға кепiлдi мерзiмнiң ұзақтығынан артық болып белгiленсе, тұтынушы, егер негiзгi бұйымға белгiленген кепiлдi мерзiмнiң өтiп кетуiне қарамастан, жиынтықтаушы бұйымдағы кемшiлiктер оған белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде табылса, тауардағы кемшiлiктер туралы талаптар қоюға құқылы.
Тауарларды үлгiлерi бойынша, почта арқылы сату кезiнде, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу кезi мен тауарды тұтынушыға беру кезi сәйкес келмейтiн жағдайларда, кепiлдi мерзiм не тауардың кемшiлiктерiн анықтауға арналған мерзiм - тауардың тұтынушыға берiлген (жеткiзiлген) күнiнен бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды (қосуды) немесе жинауды қажет ететiн болса, оны орнату (қосу) немесе жинау күнiнен бастап есептеледi. Егер тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) байланысты мән-жайлар бойынша тауарды пайдалану мүмкiндiгiнен айырылса, кепiлдi мерзiм не тауардың кемшiлiктерiн анықтауға арналған мерзiм сатушы (дайындаушы) осындай мән-жайларды жойғанға дейiн есептелмейдi. Егер тауарды беру (жеткiзу), орнату (қосу) немесе жинау, соның салдарынан тұтынушы тауарды мақсаты бойынша пайдалана алмайтын, сатушыға байланысты мән-жайларды жою күнiн анықтау мүмкiн болмаса, бұл мерзiм сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап есептеледi. 17-бап.
Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактiсiн растайтын құжатты алуға құқығы бар. Тұтынушыда тауарды иелену фактiсiн растайтын құжаттың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның талаптарын растауда куәлердiң айғақтарына сiлтеме жасау құқығынан айырмайды. 18-бап.
Егер ойын бастамашысы (ұйымдастырушысы) тауардағы (жұмыстағы, көрсетiлетiн қызметтегi) кемшiлiктердiң оларды тұтынушыға бергеннен (орындағаннан, көрсеткеннен) кейiн тұтынушының тауарды пайдалану немесе сақтау ережелерiн бұзуы не үшiншi бiр тұлғалардың iс-әрекеттерi немесе еңсерiлмейтiн күш салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, тауардағы (жұмыстағы, көрсетiлетiн қызметтегi) кемшiлiктердi жою жөнiнде сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жүгiну жолымен күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға тиiс. 19-бап.
Тұтынушылар ерiктi негiзде тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiне бiрiгуге құқылы. 20-бап.
Тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген құқықтары мен заңды мүдделерiн сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтiрiлген моральдық зиян, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сатушының (дайындаушының, орындаушының) кiнәсi болған кезде сот айқындайтын мөлшерде өтеуге жатады. 21-бап.
Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды тиiстi мемлекеттiк органдар және сот, төрелiк немесе аралық сот өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 22-бап.
Достарыңызбен бөлісу: |