Тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетiлген қызметтен) кемшiлiктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:
1) орындалған жұмыстағы (көрсетiлген қызметтегi) кемшiлiктердi өтеусiз жоюды;
2) орындалған жұмыс (көрсетiлген қызмет) үшiн сыйақыны тиiстi мөлшерде азайтуды;
3) сапасы дәл сондай бiртектес материалдан басқа затты өтеусiз жасап берудi немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетудi);
4) тұтынушылардың кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.(35-бап.)
Шартта жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудiң) бастапқы және түпкiлiктi мерзiмдерi, сондай-ақ жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдер) айқындалуы мүмкiн.
Егер жұмыс (көрсетiлетiн қызмет) шарттың қолданылуы мерзiмi iшiнде бөлiп орындалатын (көрсетiлетiн) болса (мерзiмдi басылымды жеткiзу, техникалық қызмет көрсету), жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудiң) аралық мерзiмдерi көзделуге тиiс.
Жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудiң) шартта көрсетiлген бастапқы, түпкiлiктi және (немесе) аралық мерзiмдерi тараптардың келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Егер орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзiмдерiн – жұмысты орындауды (қызмет көрсетудi) бастау және (немесе) аяқтау мерзiмдерiн және жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудiң) аралық мерзiмдерiн бұзса, оны мерзiмiнде аяқтау анық мүмкiн болмаса, онда тұтынушы шарттан бас тартуға және залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Егер жұмысты орындау кезiнде оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны айқын болса, тұтынушы кемшiлiктердi жою үшiн орындаушыға жаңа мерзiм тағайындауға және осы талапты белгiленген мерзiмде орындаушы орындамаған кезде шарттан бас тартуға не жұмысты орындауды орындаушы есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалды өтеудi талап етуге құқылы.
Егер орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзiмдерiн өткiзiп алу еңсерiлмейтiн күш салдарынан немесе тұтынушының кiнәсiнен болғанын дәлелдесе, тұтынушының осы тармақта белгiленген талаптары қанағаттандырылуға жатпайды.
Орындаушы жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) кiрiсуге және оны аяқтауға тиiстi, тұтынушының тағайындаған жаңа мерзiмдерi шартта көрсетiледi.
Тағайындалған жаңа мерзiмдер күнтiзбелiк он күннен астам уақытқа өткiзiп алған жағдайда тұтынушы заңның 4-тармағында белгiленген өзге де талаптарды қоюға құқылы.
Жұмыс (қызмет көрсету) уақтылы орындалмаған жағдайда шартты бұзған кезде орындаушының жұмысты орындау (қызмет көрсету) процесiнде өзiнiң жұмсаған шығындарын өтеудi, сондай-ақ орындалған жұмысқа (көрсетiлген қызметке) ақы төлеудi талап етуге құқығы жоқ.
Жұмыстағы (көрсетiлетiн қызметтегi) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшiлiктер және орындалған жұмыстағы (көрсетiлген қызметтегi) кемшiлiктер, егер шартта өзгеше мерзiм белгiленбесе, тиiстi талап қойылған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жойылуға тиiс. Кемшiлiктердi жоюдың тұтынушы тағайындаған немесе тараптармен келiсiлген мерзiмi шартта жазылады.
Шартта көзделген жұмыстарды орындауға (қызметтердi көрсетуге) смета жасалуы мүмкiн. Егер тұтынушы немесе орындаушы талап етсе, сметаны жасау мiндеттi болып табылады. 36-бап.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттiк реттеу түсінігі және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау мақсатында
құрылған ұйымдардың мәртебесі
Қазақстандағы тұтынушылар қозғалысының даму тарихын қарастырмас бұрын біз оның қалай туындағанын және оның даму тенденциясы қалай екенін білуіміз қажет. Алғаш рет тұтынушылар қозғалысы АҚШ-та туындаған, қазіргі кездегі консюмеризмнің түп-тамыры осы жерден шыққан.
Америкалық зерттеушілер тұтынушылардың құқықтарын қорғау қозғалысының үш негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бірінші кезең ХІХ-ғасырдың соңынан басталады. Туындаған әлеуметтік мәселелерді шеше алатын ұйымдарды құру қажеттігі тап осы кезде пісіп жетілді және 1891-жылы Нью-Йоркте алғашқы Тұтынушылар Лигасы пайда болды, ал 1898-жылы жергілікті бастамашы топтар ұлттық федерация – Тұтынушылардың Ұлттық Лигасына бірікті. Екінші кезең ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. Бұл кезең бүкіл әлемдік экономикалық тоқыраумен байланысты және осы кезде тұтынушылық сұранымды реттеу арқылы экономиканы реттеу мүмкін болды. 60-жылдардан басталған үшінші кезең бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Оның басталуы АҚШ Президенті Джон Кеннедидің АҚШ азаматтарына жолдаған жолдауымен байланысты. Бұл жолдауда тұтынушылар мәселесін шешу міндетін мемлекет тікелей өз қолына алатындығы айтылған. Осы кезде тұтынушылардың арыздары бойынша көптеген аты шулы сот процестері болды және олар жария өтуі себепті қоғам жетістігіне айналды.
Сонымен қазіргі кездегі тұтынушылардың құқықтары қысқа уақыт аралығында емес, прогрессивтік қауымның өзінің тұтынушылық құқықтары үшін бір жарым ғасыр күресі нәтижесінде қоғамдық және құқықтық жүйедегі өзінің беделді орнын алды.
Қазіргі кезде тұтынушылар қозғалысын бүкіл әлемнен байқауға болады. Біздің елімізде бұл қозғалыс салыстырмалы түрде жас болып табылады, оның дамуы біздің еліміздің 1991-жылы тәуелсіздік алуымен, жоспарлық экономикадан нарықтық экономикаға көшумен байланысты. Бұрын тоталитарлық жүйеде өмір сүрген уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен бір орган ғана жанамалы түрде шұғылданды, ол – Сауда Министрлігі. Бұл кезең 70 жыл шамасына, яғни Кеңес үкіметінің бүкіл өміріне созылды және ол тұтынушылардың құқықтарын жаппай бұзумен сипатталады.
Жалпы Кеңес Одағындағы тұтынушылар қозғалысы тоталитарлық жүйенің күші әлсіреген 80-ші жылдардың аяғынан басталады. Өйткені 80-ші жылдардың ортасындағы бәрімізге мәлім экономикалық тоқырау «сатып алу» деген сөздің жоғалып оның орнына «қайдан табуға болады?» деген сөздің жиі қолданылуына әкеп соқты.
Содан кейін барып нарықтық реформалар жасалды, оның соңынан – тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдар қабылданды. Сол кездері алғашқы тұтынушылар ұйымдары екі жолмен қалыптасқан еді. Бір жағынан, белгілі бір себептер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүдделі, өзінше бір интелектуалдар (журналистер, экономистер, социологтар, заңгерлер және т.б.) клубы құрылды. Көбінде олар газет-журналдар төңірегінде жиналды.
Екінші жағынан тұтынушылар ұйымдарын пәтерге, автокөлікке, жиһазға және өзге де тауарларға кезекте тұрған адамдар стихиялы түрде құрды. Өйткені мұндай кезекте бірнеше жылдап тұрған адамдар бір-бірімен танысып алған еді және олар басында нақты тауарды сатып алуға қатысты мәселені шешуге бағытталған, ал кейіннен тұтынушы мәселелерінің ауқымдырақ секторымен айналысқан ұйымдар құрды.
1985 жылға дейін КСРО бойынша ондаған ғана тұтынушылар ұйымдары құрылды, ал 1989 жылы желтоқсан айында КСРО-ның 40 аймағының тұтынушылар ұйымдарының өкілдері өздерінің алғашқы конференциясын өткізді және осы конференцияда КСРО Тұтынушылар Ұйымдарының Федерациясы құрылды.
КСРО-ның ыдырауы тұтынушылар қозғалысы үшін үлкен сын болды. 1992 жылы ақпанда тұтынушылар ұйымдарының федерациясы конгреске жиналды. Олардың алдына қойыған мақсаты ұйымды сақтап қалу болды. Ақырында олар біртұтас ұйымды сақтап қалып,оның атын Тұтынушылар Ұйымының Халықаралық Конфедерациясы деп өзгертті. Қазіргі кезде бұл тұтынушылардың әр түрлі саладағы құқықтарын белсенді түрде қорғайтын мықты ұйым.
Жалпы алып қарасақ, Кеңес Үкіметі ыдыраған соң бұрын КСРО республикаларының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірдей болса да, олар тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін әр түрлі шешті. Көптеген республикаларды қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілін қалыптастыруға септігін тигізетін тұтынушының құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік органдар құрылды. Мысалы, Татарстанда Президентке тікелей бағынатын тұтынушының құқықтарын қорғау бойынша жеке Министрлік құрылған. Орталық Азия Республикаларында, Қырғызстанда, Өзбекстанда жергілікті дәрежеде де және республикалық дәрежеде де қызмет атқаратын тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша бөлімдер құрылған.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз N 1197
Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлiгi «Халыққа ақылы медициналық қызмет көрсету ережелерi» 1996 жылдың қыркүйегi
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi «Сапасыз өнiмдердi жарамсыз деп тану, жою немесе ұқсату тәртiбi туралы нұсқама» 1996 жылдың қыркүйегi
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы «Тамақ өнiмдерi мен тағам шикiзатына медициналық биологиялық талаптар» 1996 жылдың ақпаны
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi «Коммуналдық қызмет көрсету ережелерi» 1996 жылдың маусымы
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi «Рыноктар мен ұсақ бөлшек сауда кәсiпорындарындағы сауда ережелерi 1996 жылғы қазаны
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ережелерi 1996 жылдың қарашасы
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi «Туристiк-экскурсиялық қызмет көрсету ережелерi» 1996 жылдың желтоқсаны
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм спорт министрлiгi «Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметiн көрсету ережелерi 1996 жылдың желтоқсаны
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi «Почта қызметiн көрсету ережелерi 1996 жылдың желтоқсаны
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi «Жергiлiктi телефон жүйесi қызметiн көрсету ережелерi» 1996 жылдың желтоқсаны
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi «Телеграф байланысы қызметiн көрсету ережелерi 1996 жылдың желтоқсаны
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi «Сым арқылы таратылатын радиохабарлары қызметiн көрсету ережелерi» 1996 жылдың желтоқсаны
Қазақстан Республикасының неркәсiп және сауда желтоқсаны министрлiгi «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақ ережелерi» 1996 жылдың желтоқсаны
Тұтынушылардың құқығын қорғаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырудағы элементттері:
құқықтық базаны жетілдіру бойынша іс әрекеттердің белсенділігі;
атқарушы органдары мен жергілікті билік органдары бойынша аймақтық қызметтерінің іс-әрекеттерін күшейту;
тұтынушылардың құқығын қорғау оратлықтары мен аймақтық жүйелердің екі жақты байланыстарын жақсарту;
тұрғын – үй секторларында тұтынушыларың өзін өзі басқаруын жетілдіру;
тұтынушылардың анықталмаған және кең көлеміне келітірлген зиянды қайтару механизмін құру;
тұтынушылардың құқықтық ақпараттары.
Қарағанды облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымдар мен органдар:
Достарыңызбен бөлісу: |