6. Тәжірибелік сабақтар орындауға арналған әдістемелік нүсқаулар


Тәжірибелік сабақ-8. Жарықтың заттармен өзара әрекеттесуі және поляризациясы бойынша есептер шығару



бет9/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87029
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
1602571454459 6. АиУ қ. физ.2 тәжірибелік сабақ

Тәжірибелік сабақ-8. Жарықтың заттармен өзара әрекеттесуі және поляризациясы бойынша есептер шығару.
1. Мұз қабаты (n1= 1,31) арқылы өткен сәуле алмас (n2=2,42) пластинкаға түсіп жартылай шашырайды, жартылай сынады. Шағылған жарық барынша поляризациялану үшін түсу бұрышы қандай болуы тиіс?
Шешуі: Шағылған жарық түсу бұрышы α = αтол болғанда барынша поляризациялану үшін Брюстер заңы орындалу керек:
tg αтол= n21, (1)
мұндағы n21= n2/ n1-шағылдырушы ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші.
(1) – ден мынаны табамыз:
n21.
Жауабы: .
2. Оптикалық өсьтерінің арасындағы бұрышы 450 екі поляриодтан тұратын жүйеге табиғи жарық түседі. Жарық шоғының қарқындылығы неше есе кемиді? Жарықтың әрбір поляроидтағы шығыны 10%. Шағылуға кеткен жарық шығымын ескермесе де болады.
Шешуі. Поляризаторға қарқындылығы табиғи жарық түседі. Сонда кәдімгі сәуле толық жұтылады, ал кәдімгі емес сәуленің 10% - ы жұтылады. Демек, поляризатордан шыққан поляризацияланған жарықтың қарқындылығы 0,5 . Малюс заңы бойынша анализатор арқылы жарық өтеді. Әрі 10% - ы жұтылады; демек,



Жарықтың әлсіреуі




.


Жауабы: 5 есе.
3. Егер айқасқан екі поляроид арасына оптикалық өсі анализатордың оптикалық өсімен α бұрыш жасайтын үшінші поляроид қойғанда көру өрісі жарықталынады. Өткен жарықтың қарқындылығын табу керек. Шағылған және жұтылған жарық шығындарын ескермесе де болады. α бұрыштың қандай мәнінде жарықталу барынша үлкен болады?
Шешуі. Поляризатор арқылы өткен кәдімгі емес сәуленің электр өрісі кернеулігінің векторы поляризатордың МN оптикалық өсіне (5.20 а- сурет) параллель. Бұл векторды ортаңғы поляроидқа қатысты екі құраушыға жіктейміз: Екәд. және Е1. Бұл поляроид арқылы кернеулігі Е1 тол cos α кәдімгі емес сәуле ғана өтеді. Сол сияқты анализатор арқылы өткен өріс кернеулігі (5.20 б - сурет) Е2 1 sin α тол sin α cos α кәдімгі емес сәуле өтеді.




5.20 а – сурет. 5.20 б – сурет.

Толқынның қарқындылығы кернеулік векторының квадратына пропорционал; демек,


І =Ітол sin2 α cos2 α. Поляризатор табиғи жарықтың қарқындылығының жартысын жұтатындығын ескерсек, мынаны жазамыз:

I=
Жауаптары: I= ; 450.
4. Ширек толқындағы кальциттен жасалынған пластинка толқын ұзындығы 5893А0 сары жарықта кәдімгі сәуле мен кәдімгі емес сәуле арасында π/2 фаза ығысуын туғызады. Пластинка қалыңдығын анықтау керек. Сонда осы пластинка арқылы өткен күлгін жарықта (4047А0) қандай фазалық ығысу болар еді?
Шешуі. Оптикалық өське перпендикуляр бағыттағы кәдімгі сәуле мен кәдімгі емес сәуле арасында фаза ығысуы мынаған тең:

Фаза ығысуы ширек толқындағы пластинкаға сәйкес келеді десек, яғни



Онда
d= .

Пластинканың қалыңдығын біле отырып, күлгін жарық-тағы фазалық ығысуды табамыз.


Жауаптары:(2m+1)0,856м; (2m+1)0,78 π=(2m+1)1400.
1. Егер фотометрлік өрістердің бірдей жарықтылығында 8 мм қалыңдық кезінде 3% эталонды ерітіндіні, ал 24 мм қалыңдықтағы зерттелетін ерітінді алынған болса, онда зерттелетін ерітіндінің концентрациясы қандай?
A) 1%;
B) 25 %;
C) 9%;
D) 3%;
E) 8%.
2. Анализатор мен поляризатордың бас жазықтықтарының арасындағы бұрыш 30 градус. Егер ол бұрыш 45 градус болса, олар арқылы өткен жарық интенсивтігі қалай өзгереді?
A) 1,5
B) 1,0
C) 2,0
D) 2,5
E) 3,0
3. Брюстер заңындағы сәуленің түсу бұрышы қанша градус бола алмайды?
А) 45;
В) 30;
С) 60;
D) 90;
E) 20.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет