Ерітіндінің құрамындағы екі заттың біреуі сұйық, ал екіншісі газ тәрізді немесе қатты зат болса, онда сұйық зат еріткіш, ал қалған екеуі еріген заттар болып есептеледі
Ерітіндінің құрамындағы екі заттың біреуі сұйық, ал екіншісі газ тәрізді немесе қатты зат болса, онда сұйық зат еріткіш, ал қалған екеуі еріген заттар болып есептеледі. Егер дайындалған ерітінді екі сұйық заттардан түзілген болса, онда ерітінді құрамындағы көлемі көбірек сұйық еріткіш болып саналады. Ал егер ерітіндідегі екі заттың бірінің екіншісімен салыстырғанда ерігіштігі шектеулі болса, онда ерігіштігі азы еріген зат болып саналады.
Молярлық үлес деп ерітіндінің құрамына кіретін белгілі бір компоненттің (еріген заттың немесе еріткіштің) зат мөлшерінің ерітіндінің құрамына кіретін барлық компоненттердің зат мөлшерлерінің қосындысына қатынасын айтады. Егер ерітінді екі компоненттен тұратын болса, онда әр компоненттің молярлық үлестері былай табылады: [3] N1=n1/(n1+n2); [4] N2=n2/(n1+n2); Мұндағы: n1-еріткіштің мөлшері, демек моль саны; n2- еріген заттың мөлшері. Ерітіндінің құрамына кіретін барлық компоненттердің молярлық үлестерінің қосындысы бірге тең.
Молярлық концентрация деп еріген заттың мөлшерінің (моль) ерітіндінің көлеміне (л) қатынасын айтады: [5] С(Х)=v(Х)/V моль/л; Мұндағы: v(Х) ерітіндідегі Х бөлшектерінің зат мөлшері; V - ертіндінің көлемі, С(Х) - Х бөлшектерінің молярлық концентрациясы. Өлшемдердің халықаралық SІ жүйесі бойынша молярлық концентрацияның өлшем бірлігі моль/м3 . Дегенмен осы уақытқа дейін моль/л өлшем бірлігі кең тараған. Практикада молярлық концентрация ерітіндінің 1 литр көлеміндегі еріген заттың бөлшегінің (молекуласының, ионының, эквивалентінің) моль санымен сuпатталады. Молярлық концентрация деген сөз тіркесі практикада қысқаша әдетте үлкен М әрпімен ауыстырылып жазылады. Практикада молярлық концентрациясы берілген ерітіндіні былай дайындайды: дайындалатын ерітіндінің көлеміне сәйкес өлшеуіш колбаға ерітілетін заттың қажетті массасын салып, оған су (немесе басқа еріткіш) қосып араластырады; зат толық еріп, ерітіндінің температурасы бөлменің температурасымен теңелген соң, өлшеуіш колбаның сиымдылық белгісіне дейін дистилденген су құяды. Мұнда ерітінді менискісінің төменгі жағы колбадағы белгіге тиіп тұру қажет. Көлемі (V) және молярлық концентрациясы (Cм) берілген ерітіндіні дайындау үшін қажетті ерітілетін заттың массасын (mм) есептеу үшін мынадай формуланы пайдалануға болады: [6] m(зат) =МСмV мұндағы: М - еріген заттың молярлық массасы.