Тапсырма 7.
Статистикалық функцияларды қолдану.
МИН (число1; число2;...) – аргументтер тізіміндегі ең кіші мәнді береді;
МАКС (число1, число2,...) – аргументтер тізіміндегі ең үлкен мәнді береді;
СЧЕТ (значение1; значение2;...) – мәні бар диапазондағы ұяшықтардың санын береді.
Бір өлшемді a және b массив элементтері берілген. Олардың ішінен минимумын, максимумын және жалпы санын анықтау қажет. МИН, МАКС және СЧЕТ функцияларын пайдаланыңыз. Ол үшін С10 ұяшығына курсорды қойып Функция шеберінің бірінші қадамында функция категориясына Статистикалық функцияны таңдаңыз. Екінші қадамында Число1 және Число2 өрістеріне келесі суретте көрсетілгендей етіп енгізіңіз.
Тапсырма 8.
Диаграмма дегеніміз – сандық мәліметтердің графикалық бейнеленуі. Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметтерді ерекшелеп алып, Вставка-Диаграммы командасын орындайсыз. Диаграмманың 11 стандартты типі және әр типінің бірнеше түрлері бар.
Жұмыс алаңына диаграмма пайда болғаннан кейін лентада Работа с диаграммами пайда болады.
Конструктор бетінде диаграмманың стилін, макетін таңдауға болады. Сонымен қатар, диаграмманың типін ауыстыруға және мәліметтер диапазонына өзгерістер енгізуге болады.
Макет бетінде диаграммаға тақырып енгізе аламыз. Легенда орнын ауыстыруға болады. Сонымен қатар, диаграммаға мәліметтер, пайыз және т.б. қоя аламыз.
функциясының графигін [-4; 4]кесіндісінде һ=1 қадам бойынша графигін салу үшін тиісті кестені толтырыңыз. Кестеде берілген мәліметтерге График диаграммасын құрыңыз.
Тапсырма 9.
функциясының графигін (параболид) x€[-1.1], y€[-1,1] аралықта һ=0.1 қадам бойынша графигін тұрғызу қажет.
х-тің мәндерін А бағанасына енгізіңіз. Ол үшін А1 ұяшығына -1 мәнін, А3 ұяшығына -0,9 мәнін енгізіңіз. Осы екі ұяшықты ерекшелеп алып, пайда болан тіктөртбұрыштың оң жақ төменгі бұрышындағы «+» маркер белгісі арқылы А22 ұяшығына дейін тышқанмен тартыңыз.
у-тің мәндерін А қатарына енгізіңіз. Ол үшін В1 ұяшығына -1 мәнін, С1 ұяшығына -0,9 мәнін енгізіп, В1:V1 ұяшықтар диапазонын толтырыңыз.
В2 ұяшығына берілген функцияны =$A2ˆ2+B$1ˆ2 түрінде жазыңыз. Enter пернесін басыңыз. (Мұндағы $A2 ұяшығының адресінде баған өзгермейді, жолдың нөмері өзгеріп отырады, ал B$1 ұяшығының адресінде баған өзгереді, жол өзгермейді. В2 ұяшығында 2 саны шығады. В2 ұяшығына қайта шертіп, «+» белгісі арқылы В2: V22 ұяшық диапазонын толтырыңыз.
Кестедегі мәліметтерді ерекшелеп алып, Поверхность диаграммасын құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |