№6 Зертханалық жұмыс



бет4/5
Дата12.10.2023
өлшемі6,95 Mb.
#185084
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 6
molekulalyk biologiya medicinalyk genetika, Практикалық сабақ 4, Менің Отаным – менің мақтанышым
Өзіндік тапсырмалар.
1-вариант
1. Кітап қоймасына 3 түрлі кітап түсті: сөздіктер, кулинарлық кітаптар және тоқыма өнері туралы кітаптар. Олар қаладағы үш кітап дүкеніне бөлінді: «Астана кітап», «Экономикс» и «Глобус». «Астана кітап» дүкеніне сөздіктер – 10400 экземпляр, кулинарлық кітаптар – 23650 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар – 1500 экземпляр; «Экономикс» дүкеніне – 10300 сөздіктер, 22950 кулинарлық кітаптар және 1990 тоқыма өнері туралы кітаптар; ал «Глобусқа» сәйкесінше 9100, 23320 және 2500 экземпляр жөнелтілді.
Бірінші дүкенде сатылған сөздіктер – 8945 экземплярды, кулинарлық кітаптар – 19865 экземплярды, тоқыма өнері туралы кітаптар– 873 экземплярды құрады; екінші дүкенде сатылған сөздіктер– 9300 экземпляр, кулинарлық кітаптар – 21900 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар– 1020 экземпляр болды; ал үшінші дүкен сәйкесінше 8530, 18100 және 2010 экземпляр кітап сатты.
Электрондық кестені пайдаланып, кітап қоймасына түскен әрбір кітап түрінің жалпы санын, әрбір дүкендегі сатылған әрбір кітап түрінің үлесін, сатылмай қалған кітаптар санын есептеңіз.
2. Мекеме қызметкерлерінің оклады келесі түрде анықталған: бөлім бастығы – 100000 теңге., инженер 1 кат. – 86000 теңге., инженер – 68700 теңге., техник – 31500 теңге., лаборант – 22400 тенге. Мекеменің екі филиалы бар:оңтүстікте және климаты қатаң солтүстікте. Барлық қызметкерлер жалақысына жұмыс зияндылығына байланысты окладтың 10% құрайтын үстеме,окладтың 25% көлемінде айлық премия үстеме қосылады. Әрбір қызметкерден 20% міндетті салық (подоходный налог), 3% кәсіподақ жарнасы (профсоюзный взнос) және 1% зейнетақы қорына (пенсионный фонд) ұсталады. Оңтүстікте орналасқан филиал қызметкерлеріне 15% , солтүстіктегілер үшін 70% жергілікті коэффициент қосылады.
Әрбір филиал қызметкерлерінің жалақысын есептеуді екі кесте түрінде бөлек жасаңыз.
2-вариант
3-вариант
Оқытудың техникалық құралдары:
Компьютер, интерактивті тақта.
Оқытудың әдістері мен түрлері:
Сұрақ-жауап, зертханалық тапсырмаларды компьютерде орындау, тестілеу, презентация.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей
1. MS Excel бағдарламасы қандай программа?
2. Excel бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін атаңыз?
3. Жұмыс парағының мазмұны қандай?
4. Диапазон дегеніміз не?
5. Ұяшықты қалай өңдеуге болады?
2-деңгей
1. Excel бағдарламасындағы формула.
2. Абсолютті ұяшықтарды адрестеу дегеніміз не?
3. Салыстырмалы ұяшықтарды адрестеу дегеніміз не?
4. Электрондық кестеге суретті қалай қосуға болады?
5. Диаграмма дегеніміз не?
6. Диаграммалардың түрлерін атаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет