61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Жалпы соңғы жол, жалпы соңғы жол үшін күрес, күш/маңыздылығы факторының принциптері. Реципрокты иннервация. Доминанттылық, оның анықталуы мен қасиеттері



бет10/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
61-90

69. Жалпы соңғы жол, жалпы соңғы жол үшін күрес, күш/маңыздылығы факторының принциптері. Реципрокты иннервация. Доминанттылық, оның анықталуы мен қасиеттері.

 Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық нерв жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол єр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады жєне организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар жєне онтогенистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі».

Антогонистік еттердің нерв орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннервация. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуі – реципроктық тежелу деп атайды. Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды. Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде нерв орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мєселен, нерв орталығын тежеуші єсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция), немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).

Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол нерв орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір нерв орталықтарындағы қозу басқа нерв орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты нерв орталығы бір жағынан єлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан єрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нєтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-єрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жоғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын єсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет