61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі



бет1/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
61-90


61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі.

Жүйкелік үдеріспен басқару - физиологиялық әрекеттердің өзгерістері жүйке талшықтарындағы қозу потенциалын тудырып, одан әрі қарай ақпаратты өткізу жүйке жүйесінің бөлімдерімен орындалады.

Жүйкелік реттеудің ерекшеліктері:


  • эволюциялық дамуда кешірек пайда болған үдеріс;

  • жедел реттеуді қамтамасыз етеді;

  • әсер ететін нақты (дәл) орны бар;

  • реттеу үнемді (экономды) тәсілмен жасалады;

  • ақпаратты өткізу өте жоғары сенімділікте (надежность) жүреді.

Жүйке жүйесі нейрондар немесе жүйке жасушаларының қауымдастығы.

Орналасымы бойынша ажыратылады:



  • орталық бөлімі – бас миы мен жұлын;

  • шеткергі (перифериялық) – бас миы мен жұлынның жүйкелік жасушаларының өсінділері.

Әрекеттік ерекшеліктері бойынша ажыратылады:

  • денелік (соматикалық) бөлімі – қозғалыс белсенділігін реттейді;

  • вегетативтік бөлімі – ішкі ағзалар, ішкі сөлініс бездері, тамырлар, бұлшықеттің трофикалық нервтенуі және т.б. қызметтерді реттейді;

Шеткі жүйке жүйесі соматикалық (сома — дене; анималдық деп те атайды) және вегетативтік (ішкімүшелердінервтендіретін) жүйке жүйелеріне бөлінеді.

Соматикалык жҥйке жҥйесі организмнің сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен түрады. Бүл екеуінің қызметі бір-біріне қарамақарсы: егер сипатикалық жүйке жүйесі мүшенің қызметін күшейтсе, парасимпатикалық жүйке жүйесі оның қызметін, керісінше, төмендетеді. Сӛйтіп антагонистік әсер етуі арқылы мүшелердің қызметін қалпына тез келтіріп, организмнің функциялық түрақтылығын сақтайды.

Соматикалық жүйке жүйесі қозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады. Олар қаңқа еттерін нервтендіреді және бүкіл организмді сезгіш талшықтармен қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесінің нерв орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бӛлімдерінде орналасқан. Тек аралық мида ғана соматикалық нерв жүйесінің орталықтары болмайды. Жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғалтқыш клеткаларының аксондары немесе ми нервтерінің қозғаушы ядроларының клеткалары оның қозғаушы талшықтарын құрайды. Бұлар орталық нерв жүйесінен шығып, қаңқа еттерін нервтендіреді. Вегетативтік жҥйке жҥйесі қозғаушы және нейросекреторлық нерв талшықтарынан тұрады. Олар жүректің етін, ішкі мүшелерді және қан тамырларын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның кӛкірек, бел және сегізкӛз бӛлімдерінде орналасады. Олардың талшықтары ядролардан шыққаннан кейін, нерв импульстерін шеткі вегетативтік түйіндерде орналасқан шеткі жүйке жүйесінің нейрондарына ӛткізеді. Нерв импульстерін қабылдаған екінші нейронның талшықтары жүмысшы мүшелерге жетеді. Яғни вегетативтік жүйке жүйесінен ӛтетін нерв импульстері 2 бӛлімнен түрады: біріншісі - орталық нерв жүйесінде орналасқан нейроннан шеткі нерв жүйесінің түйіндеріне дейінгі п р е г а н г л и о н а р л ы қ бӛлім; екіншісі - шеткі түйіннен жұмысшы мүшеге дейін 2- ші нейрон арқьшы нерв импульстерін ӛткізетін п о с т г а н г л и о н а р л ы қ бӛлім



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет