61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Нейрондағы қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі. Нейронның интегративті белсенділігінің негізі ретінде кеңістіктік және уақытша суммациясы



бет7/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
61-90

66. Нейрондағы қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі. Нейронның интегративті белсенділігінің негізі ретінде кеңістіктік және уақытша суммациясы.

Қозу мен тежелу үдерістері өзара өте тығыз байланысты, бір мезгілде өтеді және бірыңғайлы удерістердің әртүрлі көріністері болып саналады. Қозу мен тежелу ошақтары жылжымалы болады, сондықтан олар үлкен немесе кіші нейрондар аймақтарын қамтиды және азды көпті байқалуы мүмкін. Қозу әрдайым тежелумен ауысады және керісінше, яғни екеуінің арасында индукциялық қатынас бар. Тежелу қимыл-қозғалыстың үйлесімді болуына қатысады, орталық нейрондарды шексіз қозудан сақтайды. ОЖЖ-дегі тежелу бірнеше тітіркендіргіштерден, күші әртүрлі жүйкелік серпіндер, бір уақытта, жұлынға келіп түскенде пайда болуы мүмкін. Әлсіз тітіркендіруге жауап түрінде пайда болуға тиісті рефлекстер, күштірек тітіркендіру әсерінен тежеледі.

И.П.Павловтың анықтамасы бойынша, қозу мен тежелу – тек бір ғана үдерістің екі жағы болып есептеледі. ОЖЖ-нің үйлестіру қызметі жеке жүйке жасушалары мен жүйке жасушаларының жеке топтарының арасындағы өзара ісәрекеттерінің дәл атқарылуын қамтамасыз етеді.

Біріктірудің (интеграцияның) үш деңгейі ажыратылады: Бірінші деңгей - бір нейронның денесіне әртүрлі нейрондардан серпіндер келіп түсуінен, олардың жинақталуына, немесе қозудың төмендеуіне келтіреді. Екінші деңгей — жасушалардың жеке топтары арасындағы өзара катынастарын қамтамасыз етеді. Үшінші деңгей — организмнің қажеттілігін жоғары сатыды реттеуші ми қыртысының жасушаларымен қамтамасыз етеді



Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз қозуларды) жинақтауынан жауап реакцияны алуымыздан көрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет