71. ОНЖ қозудың таралу ерекшеліктері. Қозудың конвергенциясы. Жол салу, жеңілдеу, тежелу, окклюзия құбылыстары.
Орталық нерв жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір нерв орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан нерв орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі нерв орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.
Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
Тежелу — тінге тітіркендіргішпен әсер ету кезінде байқалатын басқа қозуды басатын белсенді үдеріс, бұл кезде тіндерде әрекеттік өзгерістер болмайды. Тежелу тек жергілікті жауап ретінде дамуы мүмкін.
Тежелудің екі түрін ажыратады:
біріншілік. Оның пайда болуына (дамуына) арнайы тежегіш нейрондар болуы керек.Тежеуші медиатордың әсерінен, алдын ала қозусыз, бірден тежелу байқалады. Біріншілік тежелудің екі түрі болады:
а) пресинапстық — аксо-аксондық түйіспеде;
б) постсинапстық — аксо-сомалық, аксо-дендриттік түйіспелерде.
екіншілік. Әдеттегі қозғыш құрылымдардың әрекеттік белсенділігінің өзгеруінен пайда болады, ол үшін арнайы тежеуші нейрондар керек емес, бұл әрқашан қозу үдерісімен байланысты. Екіншілік тежелудің түрлері:
а) шектен тыс, нейрондарға (әсіресе ми кыртысындағы) аса көп ақпараттар ағыны келгенде пайда болады. Бұл тежелудің сақшылық маңызы бар. Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Ақпарат ағыны нейрондардың жұмыскерлік қабілетінен тыс (жоғары) болады;
б) пессималдық, өте жоғары тітіркендіру салдарынан дамиды; в) парабиоздық, өте күшті және ұзақ тітіркендіру кезінде пайда болады;
г) қозудан кейінгі тежелу, нейрондардың қозудан кейінгі әрекеттік жағдайының төмендеуі салдарынан пайда болады;
д) теріс индукция принципіне сәйкес тежелу;
е) шартты рефлекстердің тежелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |