39) Махаббат философиясы. Махаббаттың түрлері
Махаббат сөзі барлық салада үлкен мағынаға ие, көпқырлы, құдіретті және өте күрделі ұғым болып табылады. Сондықтан махаббат мәселесінің де философиядағы алатын орны бөлек. Махаббат жалпы мағынада бұл барлығы түсінетін және сезінетін сүйіспеншілікке, құмарлыққа және тартымдылыққа толы сезімдер үлесі. “Махаббат кемістік көрмейді” демекші бұл біздің санамыздан тәуелсіз, еркін, экзистенциалды түсінік. Оның табиғатын немесе дүниетанымын зерттеуге және түйсінуге болмайды, оны біз сезініп,мән-мағынасына жақындай алғанымыз бен оны ешқашан түсіне алмаймыз.
Махаббат өте күрделі ұғым, оған анықтама беруге сонау көне замандардан бері барлық ойшылар қазіргі күнге дейін тырысуда. Мәселен Платон махаббаттың көпқырлы екендігі жайында айтады, ол махаббатты тәндік, жерлік және идеалды рухани деп бөлді. Егер біріншісі құмарлықты ләзаттандыру үшін болса, екіншісі ой-сананың даму негізі болып табылады. Ортағасырлардағы діни философияда махаббатты сәйкесінше этикалық мағынаға ие болады. Парыздарды орындау және Құдайға деген махаббат осы заманда айқын көрінеді. Неміс классиктері болса махаббатты поэтизациялау арқылы адамға емес, адамгершілікке деген махаббатты насихаттайды. Махаббаттың философиялық анализі бұл ең алдымен оны ой-сана арқылы түсіну құмарлығы, себебі тек оны тану арқасында нағыз махаббатқа талғануға болады. Махаббат философия ұғымының пайда болуына дейін болған, адам болмысының нағыз себебі деп есептелінеді, демек тек оны танып қана барлық филсофиялық мәселелерге жауап табуға болады.
Жалпылама бойынша Махаббат бар ғаламның, адамзаттың жаралуының телеологиялық себебі,яғни оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләзаттануының, этикалық ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды немқұрайлы қалдырмайтын, бар адам өмірінің мәні мен дүниетанымы, сырлы әлемі. Сондықтанда Махаббат жайында әр заманда әр адамның өзіндік жеке көзқарасы, ой-пікірі, танымы әр алуан болуы табиғи шарт. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, өз өміріндегі сүйетін затына деген таным-түйсігі, яғни махаббат тек қарама-қарсы адамға ғана емес, жұмысқа, естелікке, әуенге және т.б рухани немесе материалдық құндылықтарға болуы мүмкін. Сол себептен Махаббаттың сипаты да әр-түрлі. Оларды келесі түрлерге бөлуге болады: ата-ана мен бала арасындағы махаббат, аналық махаббат, өз өзіне деген махаббат, Құдайға деген махаббат, жануарларға деген махаббат және тағы да сол секілді. Сонымен махаббат әлі күнге дейін зерттелетін , айрықша мағызға ие, рухани дүниетаныммен үйлесетін адам өміріндегі күрделі ұғым. Сондықтанда оның филсофиядағы маңызы мен қыр-сыры айқын әрі құпия болып қалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |