64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы


) Қоғам философиялық ұғым ретінде



бет65/85
Дата07.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#184015
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Байланысты:
64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсізді-emir

53) Қоғам философиялық ұғым ретінде
Әлеуметтік философия көптеген әлеуметтік және жекеленген адам болмысы мен қоғамның мәселелерін анықтайды. Басқа салаларда қоғамды көпмағыналы күрделі ұғым ретінде қарастырады, ал филсофияда ол біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік жемісі ретінде анықталады. Негізінде қоғам-объективті шындық, ішкі құрылымы, тұтастығы, заңдары, даму бағыты бар болмыстың өмір сүру нысаны. Оның екі жағын қарастырамыз: объективті-яғни адамдардың сана-сезімі мен еркіне қарамастан бар; субъективті-адамдардың сана-сезімі мен ерік-жігері, олардың қоғамға көзқарасы, ұмтылыстары, көзқарастары. Қоғамның тағдырына, дамуына оның өмір сүруінің объективті жағдайлары да, субъективті – адамдардың ерік-жігері мен санасы да әсер етеді. Қоғам филсофияда ерекше құрылым– жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз элементтердің белгілі бір жиынтығы, өзара әр түрлі байланыстар мен қарым-қатынаста және белгілі бір тұтастықты білдіреді, ал қоғам болса ондағы органикалық жүйе, өте күрделі және жоғары ұйымдастырылған. Ол өмір сүру аумағы, дәуірі, дәстүрі мен мәдениетімен біріктірілген адамдардың қызметі мен өмірінің жүйесі.
Өндірістік күштер деген түсінік білімі, ой-санасы, еңбек дағдылары мен өндіріс құралдары бар адамдар. Сонымен материалдық өндірістің мәні дегеніміз қоғамның материалдық базасын құралған, әлеуметтік құрылымға және рухани салаға тікелей де, құрылымға да, инфрақұрылымға да, рухани салаға да әсер етеді. Енді әлеуметтік құрылым мен рухани салаға тоқталайық.
Әлеуметтік сала-еңбекті, меншікті өндіріс құралдарына және ұлттық факторға бөлуге негізделген қоғамның ішкі құрылымы жүйесі. Қоғамның саяси саласы-әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін, қоғамды басқаруды жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Қоғамның өзіндік рухани ішкі жүйесі болады. Қоғамның рухани өмірінің негізгі элементтеріне:Рухани қызмет, рухани құндылықтар, адамдардың рухани қажеттіліктері, рухани тұтыну, жеке сана, қоғамдық сана жатады. Қоғамдағы рухани қызмет нәижесінде адам өзгелер туралы ой мен сезімдер, бейнелер мен түсініктер пайда туғыза алады. Ондағы материалдық және рухани әлемде қоғамның құндылықтары сақталады. Рухани құндылықтар олардың рухани қажеттіліктеріне сәйкес таратылады және тұтынылады, оның қоғамдағы орнауы өзіндік принциптер мен заңдардың сақталуына ықпал етеді. Сондықтан адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара рухани құндылықтардың алмасуына, яғни рухани қатынастар тууына әсер етеді. Қоғамның рухани өмірінің негізі-қоғамдық сана. Қоғамдық сана-адамдардың қоғамдық тәжірибесінен, олардың өндірістік, отбасылық-тұрмыстық және басқа да қызметтерінен туындайтын, бұл болмыстың барлық алуан түрлілігін көрсететін сезімдер, көңіл-күй, идеялар, теориялар, көркем және діни бейнелер, түрлі көзқарастар жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет