Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
b1938
-9786012473209
Тақырып:
ТІЛ Б ІЛ ІМ ІҒ Ы Л Ы М Д А Р Ж ҮЙЕСІНДЕ
Қ арасты ры латы н мэселелер: 
Тіл білімі жеке гылым
ретінде. Тіл білімінің басца гылым салаларымен байланысы. Тілдің
өзіндік сипаттары.
Тіл білімі жеке ғы лы м ретінде
Тіл білімі немесе лингвистика-тіл мен^ның даму зандары ту- 
ралы ғылым. Былайша айтқанда, адамзат баласы тілінің шығуы ту- 
ралы түсінік беретін ілім саласы. Себебі тіл ең алдымен — қогамдағы 
адамдардың өзара пікірлесу, қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір 
тілдің дыбыс жүйесі, сөздік қүрамы жэне грамматикалық қүрылысы 
болады. Тілдің осы аталған эртүрлі жактары тш білімінің тиісті 
салаларында, атап айтқанда, тіл дыбыстары фонетика саласында
сөздік қүрамы лексикология саласында, грамматикалық қүрылысы 
морфология мен синтаксис салаларында қарастырылады.
Жалпы тіл білімі қурсы жеке тіл білімінің мәселелерін 
қарастыруды міндет етпейді, ол проблемамен жеке тілдің салалары 
айналысады.
Бүтіндей тіл жэне оның эртүрлі салалары даму, біртіндеп 
жетілу күйінде болады. Осы аралықта тілдің түрлі салалары
қалыптасады. I шді оелгілі оір дәуірде өмір сүріп түрған қалпы 
түрғысынан қарастырып, сипаттама беретін саласы сипаттама не- 
месе синхронды тіл білімі деп аталса, ал тілді шығу тарихы мен 
даму кезеңдері түрғысынан зерттейтін саласы тарихи немесе диа- 
хронды тіл білімі деп аталады. 
. -- *
Ғылым атаулы, негізінен, үлкен екі топка бөлінеді:
1) Қоғамдық ғылымдар;
2) Жаратылыстану ғылымдары.
Ғылым атаулының бүлайша екі топқа бөлінуі, әрине, 
оның қарастыратын мәселелеріне байланысты. Материалдық 
қүбылыстарды, жаратылыстану қүбылыстарын жаратылыстану 
ғылымдары зерттесе, адам баласы қоғамындағы қүбылыстарды 
қоғамдық ғылымдар зерттейді. Тіл білімінің даму тарихын қай 
гылым тобына қосамыз? Бүл жөнінде ғылымда эртүрлі пікір, 
көзқарастар болып келді. Бірі биологиялық қүбылыс десе, бірі
6


физикалык құбылыс деп түсіндірді. Мысалы, XIX ғасырда неміс 
лингвисі Август Шлейхер (1821-1868) тілді тірі ағза секілді 
құбылыс деп таныды. Оның ойынша, тіл тірі ағза сиякты туады, 
өседі, содан соң өледі. А. Шлейхер тілді биологиялық құбылыстың 
қатарына жатқызып, оны жаратылыстану ғылымының мүшесі 
деді. Бұл мүлдем ғылымға қарама-қарсы айтылған жаңсақ пікір. 
Себебі тіл мен тірі ағзаның арасында үлкен айырмашылық бар. Тірі
тұрғыдан
ағзадан
Тіл — қоғамдық құбылыс. Тіл білімін басқа ғылымдарға 
тәуелді деп қарау тенденциясына қарсы күрес XIX ғасырдың 
соңы - XX ғасырдың бас кезінде күшейе түсті. Ф. де Соссюр тіл 
білімін ішкі лингвистика (микролингвистика), сыртқы лингвисти- 
ка (макролингвистика, экстралингвистика) деп екі түрге бөледі 
де, тілдің ғылымдар аралық мәселелерін сыртқы лингвистиканың 
қарауына қалдырады. Тілдің қоғамдық құбылыс болатын себебі тіл 
өзін дүниеге келтірген қоғамға қызмет етеді. Алғашқы қауымның 
не мәдениетті ұлттардың тілі, адамның тілдік қызметінің бүкіл 
көріністерін жеткізетін барлық деректер - лингвистиканың мате- 
риалы болып табылады. Лингвистиканың міндетіне Ф. де Соссюр 
мыналарды жатқызад ы:
а) барлық тілдік ұялардың тарихын жасауға және ежелгі
каита
зерттеу
ә) барлық тілдерде үнемі әрі жан-жақты қызмет атқаратын 
факторларды анықтау және осы тілдердің тарихындағы жеке 
құбылыстарды түсіндіре алатын жалпы заңдарды анықтау;
б) тіл білімі тарихының нысаны мен шекараларын анықгау. 
Сонымен, 
лингвистиканың 
жалпы 
мәдениет 
үшін 
маңыздылығы белгілі, өйткені, жеке адам үшін де, бүкіл қоғам үшін 
де, тілдік қызмет ең маңызды. Сондықтан да оның зерттелуі аз гана 
мамандардың зерттеу мәселесі болуы мүмкін емес.
Тілдің түсінігі тіл қызметі түсінігіне сай келмейді; тіл — тіл 
қызметінің ең маңыздысы болса да, белгілі бір бөлігі гана. Тілдік 
қызмет әртүрлі болады; бір мезгілде физикалық, физиологиялық 
және психикалық болғандықтан, ол жеке жэне әлеуметтік салага
ш
7


жатады; оны адам өміріндегі құбылыстардыц нақты бір категория- 
сына жатқызуға болмайды.
Біз сөйлеген кезде көрініс табатын формасында тілдің қызметі 
табиғи нәрсе екені, басқаша айтқанда, біздің аяғымыз жүру үшін 
қажет болатын сияқгы, біздің сөйлеу мүшелеріміз сөйлеу үшін 
қажет екені де айқын. Бүл жайлы лингвистикада эртүрлі пікірлер 
бар. Мысалы, Уитни тілді барлық ерекшеліктерімен қоса қоғамдық 
орнауға балайды да, біздің сөйлеу мүшелерін сөйлеу қүралы 
ретінде пайдалануымызды ыңғайлы болу%імен түсіндіріп, таза 
кездейсок деп біледі. Американдық лингвист пікірінің жаны бар: 
тіл - шарттылық, ал шартты түрде таңдалған таңбаның табиғаты 
ешкімді де қызықтырмайды. Демек, сөйлеу мүшелері туралы 
м эселе-тіл қызметі проблемасындағы екінші кезектегі мәселе.
Тіл қызметін зерттеуді тілден бастау қажеттігінің дэлелі 
ретінде сөздерді жіктеу қабілеті үжым жасаған және үжымда бар 
қүрал арқылы жүзеге асады деген дәлел келтіруге болады.
Сонымен, тілдің негізгі қасиеттері:
Тіл — тілдік қызмет деректерінің әр текті жиынтығындағы 
нақгы нәрсе. 
г 
,
Тіл - дербес зерттеуге келетін пэн.
Тіл — таңбалар жүйесі.
Біз жоғарыда көзіміз жеткеніндей, тіл басқа қоғамдық 
қүбылыстардан: саяси, юридикалық т.б. айырмашылығы көп 
қоғамдық ғылым болып табылады.
Тіл білімініц басқа ғы лы м салалары мен байланы сы
Тіл оілімі қоғамдагы барлық ғылым саласымен тығыз бай- 
ланыста. Себебі ешнәрсемен байланыссыз, томаға-түйық жатқан 
Дүние жоқ деуге болады. Ғылымдардың өзара байланысы олардың 
зерттейтін нысандарының ортақ болғандығында. Мысалы, жерді ге- 
ография ғылымы да, геология ғылымы да зерттейді. Бірақ екеуі екі 
түрлі бағытта, екі түрлі мақсатта зерттейді. Тіл білімінде бір ғана 
ғылым аясына сыюы мүмкін емес гылымдараралық мәселелер көп. 
Өиткені дыбыс тілінде қоғамдық сипат та, физика, философиялық
физиологиялық та сипаттар мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет