Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
b1938
-9786012473209
Тіл білімінің жаратылыстану гылымдарымен байланысы.
Тіл білімі жаратылыстану ғылымдарының ішінде, әсіресе, адам фи-
зиологиясы, математика, кибернетика, физика, биология, медицина 
сапаларымен тығыз байланысты.
10


Тіл білімі физиология ғылымымен тіл дыбыстарының 
калак жасалатындығы жөніндегі мэселеде байланысқа түседі. Тіл 
дыбыстарын жасауда қандай мүшелердің қызмет агқаратынын 
физиологияның артикуляциялық физиология деп агалагын саласы 
зертгейді. Ал, тіл дыбыстарының қапай жасалатынын білу - тіл 
білімі үшін, әсіресе оның фонетика саласы үшін өте қажет. Бүл ретте 
физиологиялық артикуляция тіл зерпгтеушілеріне коп көмектеседі. 
Дыбыстардың жасалу жағымен қатара естілу жағы, дыбыстық са- 
пасы деген болады. Мүнымен физиологияның есту физиологиясы 
дейтін саласы да, физиканың акустика дейтін саласы да айналыса- 
ды.
Тіл білімі кибернетикамен ерекше байланыста. XX ғасырдың 
50-жылдарынан бері тіл біліміне кибернетика ғылымы қарқынды 
әсер етуде. Кибернетика басқару, басқару шеберлігі деген грек 
сөзі. Ол I математика, физика, психология, физиология, тіл білімі 
сынды ғылымдардың табыстары негізінде туып, соларға сүйенетін 
синтетикалық ғылым. Кибернетиканың мақсаты - хабарды техни- 
ка аркылы істету. Тіл білімі үшін кибернетиканың маңызды ісінің 
бірі - материалды, мэтінді электрон машинасы арқылы бір тілден 
екінші тілге аудару мәселесі. Бүл мэселе 1954 жылы алғаш рст Аме- 
рикада басталды.
Тіл білімі математика сапасымен ерекше байланысты. 
XXI гасырда электронды техниканың карқынды дамуымен байла- 
нысты математика ғылымымен, біріншіден, компьютерлік аудар- 
ма мэселелері бойынша байланысса, екіншіден, тілді зерттеуде 
математикалық статистика эдістерінің қолданылуы жағынан байла- 
нысады.
Тілдің өзіндік сипаттары
Теориялық тіл білімінің ішіндегі күрделі де өзекті проблема- 
лар қатарына дыбыс тілінің табиғагы мен өзіндік мэні, тілдің функ- 
циясы, ол функцияның кандай жолдармен іске асатынын айқындау,
тілдің тіршілігі, оның қоғаммен қатынасы, тшдщ қүрылымы, 
оның қандай элементтерден түратыны, тілдік элементтерде бо- 
латын өзгерістер, тілдің дамуы, оның ішкі-сыртқы себептері, т.б. 
мэселелер жатады.
11


Жалпы, қазақ халқы тіл деген сөзді екі магынада: а) 
анатомиялық атау ретінде, э) сөйлеу, дыбыстау мағынасы ретінде 
қолданады. Тіл білімінде бұл сөз сонгы атауга ие. Тіл білімінде тілге 
берілген анықгамаларды сараптағанда олардың көп жағдайда ұқсас 
келетін жактары да бар, кейде өзара алшақгап кететін тұстары да
болатынын көруге болады.
Дыбыс тіліне анықтама беруде оган бір сөзбен не сөйлеммен 
анықгама бере салуға болмайды. Бұл оның әр қилы қызметімен 
байланысты дүние. Мэселен, егер дыбыс тілін қогамдагы қызметі 
жагынан айқындагымыз келсе, оган - дыбыс тілі дегеніміз 
«адамдардың өзара қатынас жасайтын қүралы» деп, ал егер ды- 
быс тілінің ойлаумен қатынасын айқындагымыз келсе, «ойды 
қалыптастырып, жарыққа шыгарушы қүрап» деп, ал егер дыбыс 
тілін қүрылымдық, материапдық жағынан анықтағымыз келсе, 
«қатынас жасауга қажетті элементтердің, ережелердің жиынтығы» 
деп анықгаймыз. Осылардың ішіндегі еңнегізгісі адам қатынасының 
аса маңызды қүралы дейтін жалпы анықтама. Бүл анықтамада 
тілдің коммуникативтік те, экспрессивтік те қызметі ескеріледі. 
Тілдің сипатына қарай беріліп жүрген анықгамалардың ішінде оны 
семиотикалық жүйе дейтін де анықтама бар. Тұтас алганда, тіл 
таңбалар жүйесі, семиотикалық жүйе емес, өйткені семиотикалық 
таңбалар бір жақгы, тек материалдық қана белгі. Ал тілдік түлгалар 
екі жақты: материалдық көрсеткіш пен мағына бірлігінен түрады. 
Сондықтан ол семиотикалық таңбалардан бөлек, онда тек таңбалық 
кейбір сипат қана бар. 
і |г . | ||! ||| у Щі
Тілдің табиғатына қогамдық, табиги, психофизикалық 
күбылыс екендігі жатады. Бүл жерде гылымдағы тіл жеке адамның 
рухани қасиетіне тэн психикалық қүбылыс деген көзкарастың 
қате екендігін айту керек. Егер олай болса, эр адамның тілі эр 
басқа болар еді де, халықтық, үлттық тіл деген болмас еді. Тілді 
биологиялық қүбылыс деп танушыларга да осындай дау айтуға бо- 
лады. Бүл пікірді қолдаушы натуралистік мектеп өкілдері Ягни, тіл 
әлеуметтік қүбылыс болып табылады. Тілдің шығуы туралы ежелгі 
гректерде туған келісім теориясының өзі де белгілі шамада тілдің 
әлеуметтік сипатын мойындагандық. Кейінірек бүл болжам XIX 
ғасырда В. Гумбольдт т.б. еңбектері арқылы тереңірек дэлелденді.
12


«Тіл - қоғамдық» деген теорияны Н. Я. Марр мектебі де ерекше
қолда^ы.
Тілдің қоғамдык өрісі өте кең. Бұл жағынан алғанда ол 
қоғамға қызмет етуші барлық нәрселерден: ғылымнан, техника- 
дан, ойлаудан, т.б. жоғары тұр. Тіл қоғамдық тіршіліктің барлық 
саласында бірлесіп жұмыс істеуғе мүмкіндік беретін қүрал ретінде 
қызмет етеді. Бұл - тілдің өзіндік ерекше мэні, өзгешелігі.
Тілдің құрылымы мен функциясы дегендер өзара бай- 
ланысты, бірақ бір емес. Тіл жалпыхалықгық дегенде, оның 
құрылымының жалпыхалықтығы ескеріледі, өйткені бұл жағынан 
эр халық, эр ұлт тілі бір бүтін. Ал қызметі жағынан алғанда, тілде 
айырмашылық, өзгешелік кездесе береді. Мамандығына, кэсібіне, 
біліміне, жынысына, жасына қарай әр әлеуметтік топтың өз сөйлеу 
лексиконы болуы мүмкін. Қоғамның әлеуметтік қүрылысының 
тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді. 
Өйткені тілді қолданушы әлеуметтіктоптар, таптар оган немқұрайды 
қарамайды. Оны өз әлеуметтік жағдайларына сэйкес қолдануға ты- 
рысады. Мұндай талап тілдің құрылымдық негізін өзгерпегенімен, 
оны функциялық қүбылыстарға, өзгешеліктерге, түрлі жіктерге 
бөлшектемей қоймайды. Ондай жіктеулердің ең елеулісіне қоныс 
ыңғайынан туатын ерекшелікті (диалект), тіл қызметінің қандай 
жолмен іске асуынан туатын ерекшелікті (жазу тілі, ауызекі тіл) 
жатқызуға болады.
Ұ сы ны латы н әдебиеттер:
1. 
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2. 
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической на-
уки. Москва, 2007.
3. 
Сусов И.П. История языкознания. Электронный учебник.
Тверь, 1999.
4. 
Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.
5. 
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі. Ал-
маты, 2005.
13


I. ТЕО РИ Я Л Ы Қ БӨ Л ІМ
I бөлім. Т ІЛ БІЛ ІМ І ҒЫ Л Ы М Ы Н Ы Ң ТЕО РИ ЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет