6Б топша элементтері Хром (лат. Chromіum; Cr) — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элементі, атомдық номері 24, атомдық массасы 51,996. Тұрақты төрт изотобы 50Cr(4,31%), 52Cr (83,76%), 53Cr (9,55%), 54Cr (2,38%) бар. Олардың ішіндегі маңыздысы жасанды жолмен алынған радиоактивті изотопы 51Cr (T1/2 = 27,8 күн ).
Хромды 1797 жылы француз химигі Луи-Николя Воклен (фр. Louis-Nicolas Vauquelin; 1763 — 1829) крокоит минералының құрамынан ашқан.
Табиғатта таралуы Хром кең тараған элемент. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 2•10−3%.
Өнеркәсіптік маңызды минералы — хромит, оның бай кендері СолтүстікОралда, Кавказ сыртында, БатысҚазақстанда кездеседі. Батыс Қазақстандағы кені Ақтөбедегі хром қосылыстары заты мен ферроерітінді затын хроммен қамтамасыз етеді. Оның ішінде Хромтау қаласындағы (Дөң кең байыту комбинаты) Қазақстанға ең үлкен мөлшерде хромды қамтамасыз етеді.
Физикалық қасиеттері Хром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу температурасы 1910 °C, қайнау температурасы 2480 °C, тығыздығы 7,14 грамм/куб сантиметр.
Химиялық қасиеттері Қалыпты температурада фтормен, 600°С-тан жоғары температурада галогендермен, күкіртпен, азотпен, көміртекпен, кремниймен, т.б. көптеген металдармен әрекеттеседі.
Оттекпен өте жоғары температурада әрекеттесіп Cr2O3 тотығын түзеді, оның гидрототығы (Cr(OH)3) амфотерлі. Cульфидтері суда гидролизденеді. Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады.
Тотығу дәрежелері +1, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Қосылыстары күшті тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі +6 болатын қосылыстары (хром ангридриді CrO3, хроматтар) тотықтырғыш.
Сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырады.
Хром кешенді қосылыстар түзуге бейім. Ол құрамда оттек бар қышқылдармен әрекеттесіп нитрат Cr(NO3)3·9H2O, сульфат Cr2(SO4)3·18Н2О тұздарын түзеді.
Хром қолданылуына қарай таза күйінде немесе темірмен қорытпасы — феррохром түрінде (құрамында 60 — 85% Cr) өндіріледі. Оны хром кентастарын тікелей тотықсыздандыру арқылы алады. Таза хром өзінің тотығын Cr2O3 алюминотерм. әдіспен, сондай-ақ кейбір тұздарын электролиздеу арқылы алынады. Тотығу дәрежесі +3 болатын хром көптеген тұздар, ашудастар түзеді. Хром-калий ашудасы былғары илеуде, мата өнеркәсібінде, кино пленкасын жасауда қолданады. Хром металдан жасалған бұйымдардың бетін хромдау үшін пайдаланылады. Құрамында хром бар болат таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс пен қызуға төзімді келеді.
Молибден (лат. Molybdaenum; Мо) — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 42, ат. м. 95,94. Табиғатта тұрақты 7 изотопы (массалық сандары 92, 94 – 98, 100) бар. Оның оксидін 1778 жылы К.В. Шееле (1742 – 1786) ашты, ал 1781 жылы П. Гельем молибден металлын ашты. Массалары бойынша Жер қыртысындағы мөлшері 10–4%. Негізгі минералдары: молибденит, повеллит және молибдит. Молибден ашық сары түсті металл, тығыздығы 10,2 г/см3, балқу температурасы 2620ӘС, қайнау температурасы 4600ӘС.
Тотығу дәрежелері +2-ден +6-ға дейін. Ауада, қалыпты температурада тұрақты. Сутек, тұз, күкірт қышқылдары және сілтілермен әрекеттеспейді. 250 – 300ӘС-та F2-мен, 1500ӘС-тан жоғары N2-мен, 1000 – 1200ӘС-та С, СО және көмірсутектермен, 250ӘС-тан жоғары Сl2-мен, 450ӘС-та S-пен әрекеттеседі. 600ӘС-тан жоғары температурада тотығады. 80 – 100ӘС-та тұз қышқылының әсерінен баяу коррозияға ұшырайды.
Молибден болатты легирлеуде; авиацада ракеталар мен атомдық техникада қызуға төзімді балқымалардың негізі; электрлік вакуумдық қондырғылардың бөлшектерін және күйдіргіш шамдардың сымын жасауда қолданылады.
Вольфрам (лат. Wolframium; W) — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; атомдық нөмірі 74, атомдық массасы 183,85. Вольфрам (латынша Wolframіum) табиғатта аз тараған, жер қыртысының 1Ч10-4 %-ын құрайды.
Бос күйінде кездеспейді, оның минералдары – вольфраматтар, аздап оксидтер және сульфидтер күйінде кездеседі. Вольфрамды 1781 жылы швед химигі Карл Шееле тапқан, 1783 жылы ағайынды д’Элуяр вольфрам ангидридін көміртекпен тотықсыздандыру арқылы алғаш рет металл вольфрам алған. Вольфрам ашық сұр түсті, баяу балқитын металл.
Оның ең көп тараған минералдары – вольфрамит (Fe, Mn) [WО4] және шеелит CaWО4. Вольфрамның балқу температурасы 3410 Ғ 20ӘC қайнау температурасы 5900ӘС. Вольфрам араласқан құймалардың механикалық қасиеті молибденге жақын. Қалыпты жағдайда ол химиялық тұрақты, ауада қыздырғанда тотығып, вольфрам ангидридіне айналады. Вольфрам және оның қосылыстарын алу үшін вольфрамиттер мен шеелиттерді (олардағы WО3 2%-дан аспайды) байытып, концентраттарын пайдаланады.
Концентраттардан химиялық жолмен таза вольфрам қышқылдары мен оның тұздары алынады. Оларды тотықсыздандырғанда ұнтақ металл бөлінеді. Вольфрам электр шамының қылы, электр пештерінде қыздырғыштар, рентген түтіктерде, катодтар, тағыда басқа электрлік құралдарда электродтар ретінде қолданылады.