Сабақтың тақырыбы: Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері Оқу мақсаты



бет1/2
Дата16.05.2023
өлшемі44,44 Kb.
#176843
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
11.05.23 10 сынып




Мұғалімнің аты-жөні:

Ибрашеа Құндыз Нұрбекқызы

Пән/Сынып:

Химия, 10 сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

10.3C 17-топ элементтері

Сабақтың тақырыбы:

Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері

Оқу мақсаты:

10.2.1.6 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру

Бағалау критериі:

  • галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастырады




Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут
00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?
Псиxологиялық aхуaл . (Ыстық алaқaн) Toпқа бөлy. «Элемент әдісі»
Әр оқушы өзі таңдаған элементіне сай топқа бөлінеді.
І-топ. Фтор
ІІ-топ. Бром
ІІІ-топ. Хлор
Caбaқтың мақсатымен таныстыру 10.2.1.6 гaлoгeндердің тoтығy-тoтықcызданy рeaкция тeңдеyлepін құрaстыpy Сұрaқ-жaуап әдісі aрқылы оқyшылаpдың алдыңғы білімі тeксeріледi.
1.Галогендерге нешінші топтың элементтері?
2.Галогендерге қандай элементтер жатады? 3.Галогендер маңызды қосылыстарын атаңыз?
4.Галогендер қандай физикалық қасиеттерге ие?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері» Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері танысасыздар;
Сенің меңгеретінің:

  • галогендердің тұз тудырушы екенін білуді;

  • галогендердің күшті тотықтырғыш қасиеттерін меңгересіздер.




Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру







Презентация
Слайд 1, 2



14 минут

03:00 – 23:00




Жаңа сабақ

Галогендер тұз тудырушылар

  • белсенділігі жоғары;

  • металдармен;

  • бейметалдармен

әрекеттеседі;

  • күшті тотықтырғыш



Галогендер күшті тотықтырғыш

  • Тотықтырғыш қасиеттері жоғары болғандықтан галогендер табиғатта бос күйінде кездеспейді.

  • Сыртқы электрондық қабатында 7 электрон бар, оның аяқталуы үшін 1 электрон жетпейді, сондықтан күшті тотықтырғыш қасиет көрсетеді.

  • Олар түрлі тұздардың құрамына кіреді.

Фтор – бейметалдардың ішіндегі ең химиялық белсенді элемент
Фтор – барлық дерлік жай және күрделі заттармен, тіпті асыл газдармен асыл газдармен әрекеттеседі
Хe + F2 = XeF2 + 152 кДж
сәулелендіргенде фтор ксенонмен реакцияласады
Су буының фторда ашық күлгін жалынмен жануы
2F2 + 2H2O = 4HF ↓ + O2
SiO2 + 2F2 = SiF4 + O2
фтор – тотықтырғыш
оттек − тотықсыздандырғыш
фтордың оттектен де
белсенді бейметалл
екенін дәлелдейді
Галогендер – күшті тотықтырғыш
F2 + Mg = MgF2
2Fe + 3Cl2= 2FeCl3
Cu + Br2 = CuBr2
2Аl + 3l2 = 2All3


Галогендердің сутекпен реакциясы


фтор сутекпен кез келген жағдайда қопарылыс бере отырып әрекеттеседі
H2 + F2 = 2HF
хлор мен сутектің қоспасы
тек сәулелендіргенде немесе тұтандырғанда ғана қопарылады
H2 + Cl2= 2HCl↑
бром сутекпен тек қыздырғанда қопарылыссыз
әрекеттеседі


H2 + Br2 = 2HBr


йод пен сутек қыздырғанда баяу реакцияласады
H2 + I2 = 2HI


Хлор суда ерігенде, екі қышқыл түзіледі
Хлор судан оттекті ығыстырып сутекпен қосылады, нәтижесінде хлорсутек түзіледі.
2Сl0 2 + 2Н+2О2- = 4Н+Сl- + O0 2


Хлор суда ерігенде, алдымен екі қышқыл: хлорсутек немесе тұз қышқылы және хлорлылау қышқылы түзіледі.
Сl 2 + Н2О = НСl + НСlO
НСlO = НСl + O
Хлор cілтілердің суық ерітінділерімен әреке
Сl2 + 2NaOН = NaСl + NaClО + Н2О
алынған ерітінділер ағартқыш (жавель) суы деп аталады, құрамында ClO- иондары болғандықтан ол да хлор суы сияқты
күшті тотықтырғыш қасиеттерге ие және маталар мен қағазды ағарту үшін қолданылады


Сілтілердің ыстық ерітіндісімен әрекеттесуі
Сілтілердің ыстық ерітіндісімен хлор тұз және хлорлау қышқылының тұздарын түзеді
Сl2 + 6NaOН = 5NaСl + NaClО3 + 3Н2О
3Сl2 + 6KOН = 5KСl + KClО3 + 3Н2О
Түзілген калий хлораты KClО3 бертолле тұзы деп аталады. Бұл екі реакцияда да хлор ерекше қасиет көрсетеді, яғни тек қана хлордың тотығу дәрежесі ғана өзгереді


Галогендер бір-бірін қосылыстарынан ығыстырып шығарады
Натрий бромидінің ерітіндісіне хлор суын құйсақ, ерітіндіде бромға тән қоңыр түс пайда болады. Хлор натрий бромидіндегі бромның орнын басады, нәтижесінде бром бос күйінде бөлініп шығады.
Сl0 2 + 2Na+Br - = 2Na+Сl- + Br0 2




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет