6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»


АЖ өміршеңдік процесінің ұйымдастырушылық процестері



бет16/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022

АЖ өміршеңдік процесінің ұйымдастырушылық процестері
Өмірлік циклдің ұйымдастырушылық процестері қандай да бір ұйыммен мына мақсатпен орындалады:
- құрамына өмірлік циклдің байланысты процестері мен қызметкерлер енетін төмен тұрған құрылымды құру және жұмысын қамтамасыз ету;
- құрылымды және процестерді жетілдіру.
Олар, әдетте, нақты жобалар мен келісім-шарттарға қатысты тұрақты, алайда осындай процестер мен келісім-шарттардан алынған сабақтар ұйымды жетілдіруге ықпал етеді.
Жобаны басқару жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру, әзірлеуші ұйымдарын құру және орындалатын жұмыстардың мерзімі мен сапасына бақылау мәселелерімен байланысты. Жобаны
техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге мыналар енеді:
- жобаны іске асыру үшін әдістер мен аспаптық құралдарды таңдау;
- әзірлеудің аралық күйін сипаттау әдістерін анықтау;
- құрылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сынау әдістері мен құралдарын әзірлеу;
- қызметкерлерді оқыту.
Жобаның сапасын қамтамасыз ету ақпараттық жүйенің құрамдастарын анықтау, тексеру және тестілеу мәселелерімен байланысты. Анықтау – осы кезеңде қол жеткізілген әзірлеудің ағымдағы күйінің осы кезеңнің талаптарына сәйкестігін анықтау процесі. Тексеру – әзірлеу параметрлерінің бастапқы талаптарға сәйкестігін анықтау процесі. Тексеру іс жүзіндегі және күтілген нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды анықтау және ақпараттық жүйенің сипаттамаларын бастапқы талаптарға сәйкестігін бағалау үшін өткізелетін тестілеуге ішінара сәйкес келеді.
Басқару инфрақұрылымын құру процесі технологияны, стандарттар мен аспаптық құралдарды таңдау мен қолдауды (сүйемелдеуді), АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, пайдалану немесе сүйемелдеу үшін пайдаланылатын аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау мен орнатуды қамтиды. Өз кезегінде, инфрақұрылым конфигурацияны басқару объектілерінің бірі болып табылады.
Жетілдіру процесі өмірлік цикл процестерін бағалауды, өлшеуді, бақылауды және жаңғыртуды көздейді. Соңғысы пайдаланылатын технологияны, басқару әдістерін, аспаптық құралдарды таңдау мен қызметкерлерді оқытуды жетілдіру есебінен оларға қатысатын барлық мамандардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
Жетілдіру әр процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға негізделеді. Оқыту процесі бастапқы оқытуды және қызметкерлер біліктілігін кейінгі тұрақты арттыруды қамтиды.
Қорытынды: ISO/IEC 12207 базалық халықаралық стандартына сәйкес АЖ ӨЦ-ң барлық процестері үш топқа бөлінеді.
1. Негізгі процестер:

  • сатып алу;

  • жеткізу;

  • әзірлеу;

  • пайдалану;

  • сүйемелдеу.

  • Көмекші процестер:

  • құжаттау;

  • конфигурацияны басқару;

  • сапаны қамтамасыз ету;

  • тексеру;

  • аттестаттау;

  • бірлескен бағалау;

  • аудит;

  • мәселелерді шешу.

3. Ұйымдастыру процестері:

  • инфрақұрылым құру;

  • басқару;

  • оқыту;

  • жетілдіру.

Сонымен, қолданылатын модель АЖ жобалау жобасын ұйымдастыруды анықтайтын негіз болып табылады. Жобаны жүзеге асыру үшін қолайлы модельді және тиісті стандартты (немесе әдіснаманы) таңдау көбінесе жүйені дамытудың сәттілігін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет