6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»


Дәріс № 10. Ауқымды желіде таратылған АЖ. Клиент-сервер технологиясы. Таратылған ДБ



бет19/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022

Дәріс № 10. Ауқымды желіде таратылған АЖ. Клиент-сервер технологиясы. Таратылған ДБ.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер тек жақсы техникалық сипаттамаларды ғана қажет ететін ресурстар ғана емес, олар тиімді әрі сауатты басқаруды да талап етеді. Деректер базасы жүйелері кез келген ақпаратық жүйенің негізгі ядросы болып табылатындықтан, олар негізгі администрациялық мәселелер ортасында болады. Ақпараттық жүйені тиімді басқару дегеніміз ондағы деректер базасының дұрыс ұйымдастырылып, басқарылуымен тікелей байланысты.


Деректер базасы администрациясының негізгі қызметі пайдаланушыларды дәл, қарама-қайшылықсыз ақпаратпен қамтамасыз ету және қосымшыларды қажетті формада, қажетті мерзімде қолдануға мүмкіндік беру болып саналады.
Сонымен деректер базасы администраторы негізінен тұтынушыларға ақпаратты керек уақытында қалаған формасында қамтамасыз етіп отырады. Сонымен, деректер базасы администраторы жүйемен де тұтынушылармен де байланысты болуы керек.
Кейбір мекемелерде ақпаратық жүйе ресурстарына қолдау жасап отыру міндеті деректер администраторы мен деректер базасы администраторына бірдей бөлінеді. Мұндай жағдайда деректердің администраторы – мекеменің ақпаратық жүйесінің процедурасына және жалпы саясатын анықтауға жауап беретін басқарушы болады. Ал деректер базасы администраторы - ДБ-сын басқару жүйесінің техникалық басқару аспектілеріне жауап беретін менеджер болып саналады. Деректер базасы администраторы деректерді анықтау, айқындау; қажетті ақпарат беретін программаларды әзірлеу, жүзеге асыру; деректер базасына деректерді беру және оларды жою; база тұтастылығын және деректерді қорғау мәселесін шешу; деректер базасы операцияларын басқару сияқты іс-әрекеттермен айналысады.
“Клиент-сервер” жүйелік архитектурасы.
«Клиент-сервер» архитектурасы - берілгендерді сақтау, оларды пайдалануға және өңдеуге мүмкіндік беретін таратылған жүйе моделі типіне жатады. Клиент-сервер жүйесінде кем дегенде 2 компьютер болады, біреуі сервер, екіншісі клиент.
Жұмыс станциясында сервермен байланысып, кандай да бір тапсырыс беру не қызмет көрсетуді сұрауды қамтамасыз ететін қолданбалы программаның жұмыс ұйымдастыруы үшін интерфейстік программалық қамсыздандырылу керек. Осы мәселеге байланысты «клиент-сервер» жүйелік архитектурасының негізгі принциптері аныкталады. Жүйе желінің әр түрлі түйіндерінде орындала алатын, клиенттік және серверлік деп аталатын екі бөлікке бөлінеді. Қолданбалы программа клиенттік бөлікпен байланысады, байланысты қарапайым жағдайда желі үстілік интерфейс қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда клиенттік бөлік серверлік бөлікпен байланыс жасайды.
«Клиент-сервер» архитектурасы негізіндегі жүйелерде, таратылған деректер қоры желінің сервер-компьютерінде, ал деректер қорының жұмысын орындайтын қосымша, пайдаланушы компьютерде орналасады.
Сервер - компьютер клиенттен алыста орналасқанына байланысты таратылған сервер деп аталады.
Клиент - бұл пайдаланушының қосымшасы. Жалпы «клиент» және «сервер» термині программалық қамсыздандыруға да, клиент және сервер деңгейіндегі компьютерлерге де қатысты қолданыла береді. Клиент деректер алу үшін сұранысты өзі құрады және оны таратылған серверге жібереді. Сұраныс SQL (Structure Query Languge) тілінде кұрылады. Ол деректердің реляциялық моделін пайдалануда серверге енудің стандартты құралы болып табылады. Сұранысты алғаннан кейін таратылған сервер сұранысты SQL - серверге (деректер қоры сервері) жібереді. Бұл деректер қорын басқаратын, сұраныстың орындалуын және оның нәтижесін пайдаланушыға беруді қамтамасыз ететін арнайы программа.
Деректер қоры серверінің программалық қамсыздандырылуы сұраныстарды клиенттің программалық қамсыздандыруды орындау үшін өңдеп, нәтижесін клиенттің деректер қорына қайта жібереді. Деректер қоры ядросы (DВЕ –Data base Executive) және SQL Server - деректер қоры сервері программалық қамсыздандыруының мысалы бола алады.
Клиент - сервер жүйесіндегі сервер қосымшасы деректер қоры объектілерін кесте, индекс түрінде кұру және оларға қолдау жасауға жауап береді. Сервер жіберілетін деректердің тұтастығы мен қауіпсіздігіне жауапты және желі жауап бермеген, дүрыс жүмыс атқармаған жағдайда деректерді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Клиент қосымшасы пайдаланушыға қажетті ақпаратқа сұраныс жіберу және сервер қосымшасымен өңделген деректерді қабылдап, оны графикалык интерфейс көмегімен пайдаланушыға бейнелеп беру қызметін атқарады.
Осылайша «клиент-сервер» архитектурасында клиент сүраныс жібереді және тек қана сұралған деректерді алады. Сұраныстарды өңдеу таратылған серверде орындалады.
«Клиент-сервер» архитектурасының жетістіктері:
Желіге ауырлықтың төмендеуі, себебі мұнда тек қана қажетті деректер айналады.
Деректердің қауіпсіздігінің жоғарылауы, себебі барлық клиенттердің сұраныстарын өңдеу серверде орналасқан бірдей программамен орындалады. Ол деректер қорын пайдаланушылардың барлығына бірдей ережелер белгілейді, деректерге енуді басқарады, әр түрлі пайдаланушыға бірдей жазуды бір уақытта өзгертуді шектей отырып деректерге енуді басқарады.
Клиенттік қосымшалардың күрделілігі деректер қорын бақылау және оған енудің болмауы азаяды.
Транзакция тұрғысынан қарағанда ақпарат өңдеуді оңтайландырады. Бұл пайдаланудағы ақпараттарды өңдеп, оның экранында бейнелеуде өте маңызды клиент-сервер технологиясын интернетте қолдануы көптеген қосымшаларды үздіксіз пайдалану мүмкіндігін береді.
Таратылған деректер қоры жүйелері. «Клиент-сервер» архитектурасын жүзеге асыру үшін әдетте көпқолданушылық деректер қорын басқару жүйелері пайдаланылады, мысалы Огасlе, ІnterBase немесе Місosoft SQL Server.
Бұларды өндірістік деп атайды, өйткені олар кең көлемдегі пайдаланушылары бар үйымдардың акпараттык жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бүл қуатты есептеуіш техникасы бар және арнайы қызмет көрсетілетін күрделі жүйе. Қызмет көрсетуді маман (немесе мамандар тобы) - деректер қорының жүйелік администраторы орындайды.
Клиент көптеген серверлерді бір мезетте қолдану мүмкіндігін ала алады. Бұл жагдайда серверлер клиент тарапынан (логикалық түрғыда) бір ғана сервер деп қарастырылады да, сұраныс беріп отырған деректерінің қай бөлігі қайда орналасқандығынан мүлде бейхабар болады. Мұндай жүйелер таратылған деректер қоры жүйелері деп аталады. Пайдаланушы тарапынан қарағанда таратылған деректер қоры жүйесінің таратылмаған деректер қорынан еш айырмашылығы жоқ болып көрінеді. Таратылған деректер қоры жүйесі төмендегідей талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • Жергілікті автономия (локальная автономия). Бүл желінің ағымдағы түйінінің қызметі осы түйін арқылы ғана басқарылатындығын көрсетеді, ол басқа түйіндерге тәуелді емес.

  • Үздіксіз қызмет ету. Бүл талап жекелеген түйіндердің істен шығу жағдайында да төменгі деңгейдегі түйіндердің кызмет көрсету мүмкіндіктерінің бар екендігін білдіреді.

  • Орналасқан орнына тәуелсіздік. Пайдаланушының деректердің физикалық түрде, қандай түйінде орналасқандығын білуі міндетті емес. Логикалық түұғыда оларға деректердің барлығы жергілікті түйінде сақталынған сияқты әсер қалдыратын режим қамтамасыз етіледі.

  • Аппараттық қамсыздандырылу мен операциялық жүйеге тәуелсіздік. Әр түрлі техникалық сипаттамасы бар, әр түрлі операциялық жүйелерде атқаратын компьютерлердің барлығына бірдей деректер берілу қамтамасыз етілуі керек. Пайдаланушылар тарапынан бірегей жүйемен жұмыс атқарып отырғандай болуы керек.

  • Желіге тәуелсіздік. Жүйе тек әр түрлі акпараттық қамсыздандыру мен операциялық жүйелерге ғана қолдау көрсетіп қана қоймай, әр түрлі желі типтерімен де бірдей жүмыс ұйымдастырыла алуы тиіс.

  • Деректер қорын баскару жүйесіне тәуелсіздік. Желінің әр түрлі түйіндеріндегі әр түрлі деректер қорын басқару жүйесі бір-бірімен интеграциялануы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет