6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»



бет65/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022

Бақылау сұрақтары

  1. Шебер көмегімен құрылған форма бірнеше кестенің деректерінен құралуы мүмкін бе?

  2. Өріс деректеріне өзгеріс енгізуден қорғауды қалай орнатуға болады?

  3. Форма қасиетінің қай бөлімінде оның түрінің негізгі параметрлері анықталады?

  4. Тізімі бар өріс мәндерін қайдан алуға болады?

  5. Формада қандай элемент есептейтін өріс құрады?

  6. Есептейтін өріске жазылатын өрнек қандай таңбадан басталады?

  7. Шебер алдын-ала құрылған сұраныс негізінде форма құра ала ма?

  8. Қандай жағдайда кнопканы құруда шебер қосылмайды?

  9. Шебермен жұмысты аяқтаған соң кнопка түрін өзгертуге бола ма?

  10. Байланыспаған кестелер негізінде шебер форма құра ала ма?

  11. Кестеде есептейтін өріс мәні сақтала ма?



Лабораториялық жұмыс № 10.


Тақырыбы: Ақпарат іздеу жүйелері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін және ақпараттық шу коэффициентін анықтау


Тақырыбы: Ақпарат іздеу жүйелері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін анықтау
Мақсаты: Танымал іздеу жүйелерін зерттеу, ақпарат іздеу тиімділігі критерийлерін, көрсеткіштерін анықтау
Теориялық мәліметтер
Интернет желісінде пайдаланушылар үнемі қайсыбір ақпараттарды іздеп, қолданып жатады. Ақпарат іздеу, пайдаланушы сұранысына орай қажетті интернет ресурстарын тауып беру ауқымды желідегі ең көп атқарылатын жұмыс десек артық айтпаймыз. Ауқымды желіде ақпарат іздеуге арналған көптеген іздеу жүйелері бар. Ақпарат іздеу жүйелері документалдық АЖ класына жатады. Олар документалдық-ақпараттық іздеу жүйелері деп аталады. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы, дизайны, ыңғайылығы, танымалдығы, артық мүмкіндіктерінің болуы. Бірақ негізгі атқаратын қызметтеріне орай, яғни ақпаратты жылдам әрі тиімді іздеу көрсеткіші ең маңызды болып саналады.
Документалдық-ақпараттық іздеу жүйелері (ДАІЖ) белгілі бір критериялар бойынша электрондық құжаттарды сипаттау мен таңдап алуды жүзе асыратын программалық және аппараттық құралдар кешені болып табылады. ДАІЖ көптеген құжаттармен жұмыс жасайды, оларды құжаттар коллекциясы деп те атайды. Оларға электрондық кітапханалар мысал бола алады.
Пайдаанушылардың ақпаратқа деген қажеттілігі іздеу жүйесіне түсінікті болатын қайсыбір өрнек арқылы бейнеленеді, яғни ДАІЖ ақпараттың жеткілікті деңгейдегі нақты сұраныс түріндегі сипатталуын талап етеді. Ақпараттық қажеттілік (АҚ) 4 түрде ьейнелене алады:
-нақты АҚ – бұл пайдаланушының өзі әлі толық түсінбеген жаңа ақпаратқа жалпылама қажетілігі;
-түйсінген(осознанный) АҚ – пайдаланушының өзіне не қажет екендігін түсінгеннен кейінгі, мәселені айқын бейнелейтін ақпаратқа қажеттілігі;
Айқын бейнеленген АҚ – түйсінген ақпаратты табиғи тілмен көрсету нәтижесі;
Формалды АҚ – айқын бейнеленген қажеттілікті ақпаратты іздеу жүйелерінің формалды іздеу тілдері құралдарымен көрсету нәтижесі.
Ақпаратты іздеу тілдері көмегімен өрнектелген АҚ сұраныс деп аталады. Сұраныс АІЖ келіп түскеннен соң ол қайсыбір жауап қайтарады. Қайтарылған жауаптың пайдаланушы сұранысына сәйкес келу дәрежесі релеванттылық деп аталады. Релеванттылық АІЖ теориясының фундаменталды(негізгі) түсінігі. Релеванттылықтың келесідей түрлері бар:

  • Когнитивті релеванттылық, оны пертиненттілік деп те атайды – құжаттағы ақпараттың пайдаланушы қажеттілігіне сәйкестілік деңгейін сипаттайды. Бұл анықталуы өте қиын әрі ақиқат релеванттылық болып саналады. Басқа релеванттылықтар оған жуық сипаттамалары болып саналады.

  • Тақырыптық( пәндік) релеванттылық – табылған құжаттың ақпараттық қажеттілікке жуықтылық, жақындық дәрежесін айқындайды.

  • Ситуациялық релеванттылық– іздеу жүйесі мен пайдаланушының қарым-қатынас әдісі, іздеуге жіберген уақыт шығыны тұрғысында табылған ақпараттық ресурстың пайдалылылық дәрежесін сипаттайды.

  • Жүйелік(алгоритмдік) релеванттылық – табылған құжат пен сұраныстың жақындық дәрежесін сипаттайды.

Теориялық тұрғыда релеванттылық 0 мен 1 арасындағы шкала бойынша есептеледі (0-толық пертинентті емес құжат, 1- толық пертинентті құжат). Практикалық тұрғыда релеванттылық негізінен пайдаланушының қарап шыққан құжаттарының қажеттілігіне сәйкес келуі не келмеуі тұрғысында бағалауымен анықталады. Релеванттылықты көпмәнді шкаламен де анықтауға болады. Бұл бірнеше мамандардың әртүрлі релеванттылық мәнімен бірнеше іздеу жүйелерінің тиімділігін салыстырмалы түрде анықтауда қолданылады. Бұл тұрғыда бір құжаттың өзі қайсыбір белгі бойынша ревантты, ал басқа көрсеткіш бойынша релевантты болмауы да мүмкін.
АІЖ-гі іздеу сапасы 2 критериймен анықталады: толықтылық және дәлдік. Толықтылық табылған құжаттардың жалпы санымен анықталады. Дәлдік табылған ревевантты құжаттар мен релевантты емес құжаттардың қатынасымен көрсетіледі. Релевантты емес құжаттарды кейде шу деп те атайды. Бұл ақпарат тарату теориясындағы Шеннон теоремасына қатысты айтылады. Ақпарат теориясы бойынша релевантты құжаттарды сигнал деп, ал іздеу тиімділігін сигнал-шу қатынасы деп қарастыруға болады.
Интернетте ақпарат іздеуде желілік сервистер–іздеу сервистері немесе іздеу машиналары қолданылады. Іздеу серверлері іздеу индекстері және каталогтар болып бөлінеді.


Тапсырма1. Іздеу серверлер, іздеу индекстері және каталогтар туралы мағлұмат жинақтап, қысқаша конспектілеу.
Тапсырма2. Бірнеше іздеу жүйесі мүмкіндіктерін зерттеу. Мысалы 5 іздеу жүйесін таңдап алыңыз: http://search.aport.ru/
http://www.google.com 
http://www.rambler.ru
http://www.yahoo.com 
http://www.yandex.ru 
немесе басқа да іздеу жүйелерін таңдасаңыз болады.
Іздеу критерийлері: толықтылық және дәлдік. АІЖ тиімділігін анықтауда басқа да критерийлерді қолдансаңыз болады.
Ақпараттың маңыздылығын көрсететін критерий ретінде салмақ коэффициентін алайық. Яғни АІЖ маңыздылық көрсеткіші немесе салмағы басқа АІЖ салмағымен салыстырылады.Нақтылық үшін салмақ коэффициентін 0,8 деп, ал іздеу толықтығы коэффициентін 0,2 деп алайық. Яғни ақпараттың дәлдігі оның толықтығына қарағанда маңыздырақ, сондықтанда 0,8>0,2. Бұл көрсеткіштер мәнін қалай алсаңыз да, олардың қосындысы 1-ге тең болуы керек, яғни 0,8+0,2=1. Егер 3 критерий бойынша тиімділік анықталатын болса, онда олардың да қосындысы 1-ге тең болуы керек, мысалы 0,2+0,3+0,5=1.
Тақырып бойынша сұраныс құру.
Зерттелетін іздеу жүйесінде сұранысты орындау.
Алынған нәтижелер тізімінен келесі ақпаратты алу:
Табылған құжаттардың жалпы саны(Д).
Әртүрлі бағаланатын(құндылығы) релевантты құжаттардың саны(РД). Ақпарат құндылығы 3 балдық шкаламен анықталсын:
2- құндылығы бар( құжат толық пертинентті);
1-жартылай құнды;
0-құндылығы жоқ.


АІЖ тиімділігін бағалау үшін келесі сұраныстарды алыңыз:
Ақпараттық жүйелер;
Еептеу техникасы;
Ақпараттық техноогиялар;
Бизнес-информатика;
Кибернетика;
Электроника
Табиғатты қорғау;
Білім;
Менеджмент және басқару;
Эксперттік жүйелер;
Ақпараттық қауіпсіздік;
Жасанды интеллек;
Мультимедиялық технологиялар;
Нано-технологиялар;
Телекоммуникациялар;

Лабораториялық жұмыс тапсырмаларының нәтижелерін келесі кестелерде (Кесте1, Кесте2) орналастырыңыздар:


Кесте 1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет