6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»



бет37/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Протозология
Тапсырма. Өз оқу тобыңыздың студенттері туралы деректер қорын құрыңыз. Кестеге студенттер туралы мәліметтер енгізіп, оларды өңдеу, реттеу, сұрыптау операцияларын жүргізіңіздер.


Лабораториялық жұмыс № 4.
Тақырыбы: Деректер қоры –АЖ негіздері. MS Acces ортасында ДҚ құру. ДҚ жобалау. Кесте құрылымы.
Мақсаты: MS Acces ортасында жұмыс принциптерімен танысу. ДҚ құру тәсілдерімен танысу. Кесте құрылымын айқындау. Берілгендер типтерін анықтау.

АЖ маңызды ерекшеліктерінің бірі - ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер деректер базасының көмегімен іске асады.


Қарапайым деректер базасы мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.
Электронды деректер базасының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Деректер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты.
MS Access-тегі деректер базасы кесте, есеп, сұраныс, форма, макрос, модуль, бет тәрізді құрамдарымен тұтас объект болады жəне оларды толығымен дискілік файлда .mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді.
Деректер базасы – бұл бір-бірімен байланысқан əртүрлі ақпарат көздерінен алынған мəліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Əдетте деректер базасы қандай да бір тақырыппен, белгілі бір мəселені шешу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет