Байланысқан жазбалардың каскадты өшірілуі – бұл режимде басты кестеден жазбалар өшірілгенде, бағынышты кестедегі барлық байланысқан жазбалар автоматты түрде өшіріледі;
Байланысқан өрістердің каскадты жаңартылуы – бұл режимде басты кестенің жазбасында байланыс кілті мәнінің өзгеруінде бағынышты жазбадағы байланысқан өрістердің мәндері де автоматты түрде өзгереді.
Кестелерді деректер сызбасына кірістіру және олардың арасындағы байланысты анықтау
Поставка товаров деректер қорының логикалық құрылымына сәйкесті деректер сызбасын құру процесін қарастырайық.
Поставка товаров: База данных белсенді терезесінде құрал-саймандар панелінде Схема данных кнопкасын шертіңіз.
Ашылған Добавление таблицы терезесінде Таблицы бетін таңдап, Добавить кнопкасын басу арқылы, Схема данных терезесіне сұхбатты терезеде тізімдері көрсетілген деректер қорының құрылған кестелерін шығарыңыз (2-сурет).
2-сурет. Деректер сызбасына кестелерді кірістіру
Закрыть кнопкасын басыңыз. Нәтижесінде Схема данных терезесінде Поставка товаров деректер қорының барлық кестелері кілттері қалың шрифтімен ерекшеленген өздерінің барлық өрістер тізімдерімен көрсетіледі.
ПОКУПАТЕЛЬ және ДОГОВОР кестелері арасында байланысты анықтау үшін басты ПОКУПАТЕЛЬ кестесінде КОД_ПОК кілттік өрісін ерекшелеп, бағынышты ДОГОВОР кестесінің сәйкесті өрісіне тышқан кнопкасын басып сүйреп апарыңыз.
Байланыстағы басты кестенің байланыс өрісі уникальды кілт болып, ал бағынышты кестеде кілттік болмайтындықтан, ACCESS бұл кестелердің өрістері арасында бірден-көпке (один-ко-многим) қатынасын анықтайды (3-сурет). Бірден-көпке мәні Изменение связи терезесінде Тип отношения қатарында сипатталады. Егер ПОКУПАТЕЛЬ және ДОГОВОР кестелері бос немесе тұтастылықтың талаптарына сәйкес деректермен толтырылған болса, кестелер арасында 1:∞ байланысы орнатылады. Кері жағдайда тұтастылықты тексеруді қажет ететін байланысты орнату мүмкін еместігі жайлы хабарлама шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |